Талас (өзен)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Талас өзеніҚырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен, Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.

Бастауы

Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.

Гидрологиясы

Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1 – 2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 – 30 км. Көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым – тамыз айларында тасиды.

Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, сәл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27,4 м³. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас – Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдаланылады.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Kz-geo-stub