Сайлау ценздері
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сайлау ценздері — сайлаушылар мен сайланушыларға қойылатын талаптар мен шектеулер. Белсенді және бәсең сайлау құқығына, сондай-ақ лауазым түріне орай әр түрлі болады. Көптеген елдерде сайлаушыларға арналған азаматтық пен жас мөлшеріне қатысты ценздер (мысалы, Ресейде 18 жас, Латвияда 21 жас), енді бір елдерде тұрғылықтылық цензі (Канадада парламенттік сайлауға дейін сайлау округінде 12 ай тұру, Францияда 6 ай), сауаттылық цензі (мемлекеттік тілде сөйлей және жаза білу) қойылған. Мүліктік ценз еш елде жоқ. Жыныстық ценз, яғни әйелдерді сайлауға қатыстырмау ислам елдерінде (мысалы, Кувейтте) бар. Сайланушыларға қойылатын талаптар анағұрлым қатаң келеді. Жас мөлшері (мысалы, президент болу үшін 40 жасқа толған болу), тұрғылықтылық (кемінде сол елде 10 жыл тұру), тіл (мемлекеттік тілді білу), кәсіби, моральдық (15 жылдық өтілімнің болуы), діни (Алжир президенттігіне үміткер мемлекеттік дінді құрметтеп, дәріптейтін болуы керек), әскери (Кипр, Франция, Түркияда жергілікті өкілдік органға сайланушы міндетті әскери борышын өтеген болу керек), ұлттық (Түркіменстан президентігінен үміткер белгілі бір этникалық топтан болу керек) ценздері белгіленеді. Сондай-ақ сайлану құқығын жоққа шығаратын белгілі бір қызметке және лауазымға қатысты ценздер де бекітіледі. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>
Дереккөздер:
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сайлау ценздері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}