Базарғали Әжиұлы Жаманбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:23, 2017 ж. наурыздың 3 кезіндегі Юсуф Худайберген (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Музыкант Базарғали Әжиұлы Жаманбаев (9 қаңтар 1942 жыл, Ақтөбе қаласының Ақжар кенті) — қазақстандық және советодағының дирижері, хормейстер, профессор. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
Өмірбаяны
- Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының хор дирижері факультетін бітірген (1966), хор дирижері.
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1985 жылдан).
- 1977-1978 жылдары - А.Я. Найденов жетекшілік жасайтын София операсының машықтанушысы (Болгария).
- 1985 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижері кафедрасының меңгерушісі.
- 1996 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас хормейстері.
- 2008 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жас солистер мен дирижерлері жетекшісі.
Марапаттары
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты;
- 1980 «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы;
- 1990 жылы «Қазақстанның халық әртісі» (Қазақ КСР) құрметті атағы;
- 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік степендиясының иегері;
- 2006 жылы «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы»ның лауреаты;
- 2004 жылы «Құрмет ордені»
- «Достық ордені»мен марапатталған.
- Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызыметкері.
- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Отбасы
- Әкесі - Жаманбаев Әжі, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Жаманбаева Балжан, марқұм.
- Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Раушан Хатиятқызы (1947 ж.т.), ҚР Халық әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.
- Ұлы - Жаманбаев Олжас (1974 ж.т.), бизнесмен.
- Немерелері - Жаманбаева Кәмила, А.Я. Ваганова атындағы Би академиясының оқушысы (Санкт-Петербург); Жаманбаев Амилан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub