Шырлы жасуша

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шырлы жасуша (тучные клетки, тканевые базофилы) — талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасында кездесетін ұлпа базофилі. Құрылысы жағынан шырлы жасуша базофилді лейкоцитке ұқсас, пішіні дөңгелек не сопақ келген, цитоплазмасында көкшіл түске боялған дәншелер болады. Шырлы жасуша — гепарин, серотонин, гистамин, дофамин және т.б. заттар түзеді. Гепарин қанның үюын төмендетіп, қабыну процесіне қарсы әсер етеді. Гистамин гепаринге онтогонист (қарама-қарсы), капиллярлар қабырғаларының өткізгіштігін күшейтіп, макрофагтардың белсенділіген арттырады. Шырлы жасуша плазмолеммасында көптеген иммуноглобулиндер болады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала Мес торшаларҮлгі:Stub