Плазмолемма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Плазмолеммажасуша протоплазмасын қоршаған ортадан бөліп, зат алмасу, тасымалдау, рецепторлық қызметтер атқаратын жасуша қабықшасы. Плазмолемма — плазмалық жарғақтан, жарғақшаүсті кешеннен және жарғақасты тірек-жиырылғыш аппараттан тұрады. Плазмалық жарғақтың негізі бимолекулалы липид қабатынан түзілген. Бұл қабатқа толық немесе жартылай протеин және гликопротеид молекулалары еніп, протеинді-липидті жарғақты түзеді. Оны 40% липид, 59% протеин, 1% көмірсу құрайды. Жарғақшаүсті кешен плазма жарғағы протеиндерімен байланысып, тармақтала орналасқан гликопротеидті құрылым — гликокаликстен тұрады. Бүның құрамындағы протеинді ферменттер жасуша қабықшасынан тыс жатқан заттарды ыдыратып қорытып, мономерлер ретінде жасушаға сіңіреді. Процесс — эндоцитоз (пиноцитоз, фагоцитоз) деп аталады. Заттардың жасушадан қоршаған ортаға кері шығарылу процесін экзоцитоз деп атайды.Эндоцитоз бен экзоцитоз процестері жарғақасты тірек-жиырылғыш аппараттың (микротүтікшелер, микрофиламенттер) қатысуымен іске асады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Плазмолемма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

fa:غشای یاخته ru:Плазмолемма th:พลาสมา เมมเบรน