Мес торшалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мес торшаларбелсенді биологиялық заттар түзетін әртүрлі тканьдер торшалары.

Дамуы кезінде өте тез жауан беретін негізгі реакцияларға қатысады. Олар фибробластқа ұқсас, созыңқы келген, көптеген түйіршіктері бар торшалар болады. Бұл түйіршіктердің негізгі құрамы — белоктар, гепарин және гистамин, сонымен бірге аз мөлшерде — фосфолипидтер, АТФ, катехоламиндер, протеазалар. Бұл торшалар теріде, айыршық безде, лимфоидты тканьдерде, жатырда, қуықта, тілде, үлкен және кіші қан тамырларында болады. Онтогенезде физиологиялық процестердің қалыптасуына, микробтар мен паразиттерге қарсы иммунитетте қатынасады. Мес торшалар организмде иммунологиялық тепе-теңдікті сақтау қызметінде және сезімталдық реакциясының баяу түрінің дамуында маңызды роль атқарады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мес торшалар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}