Ақкөл құдығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

АқкөлҚарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал әкімдігі аумағындағы құдық.

Тереңдігі 2,0 м, су шығымы 200 л/сағ. Жетіқоңыр құмының солтүстік-шығысын ала орналасқан құдықтың батысы жарлы-сайлы келген. Солтүстік-шығысының ойпаңдау жеріне жазда құрғап қалатын шағын өзен келіп құяды. Құдықтың төңірегінде жусан, баялыш, күйреуік басым шөлге тән сораң шөптесіндер өседі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала