Чеджудо
Үлгі:Әкімшілік бірлік Чеджудо́<ref>Үлгі:Кітап:Географиялық атаулар сөздігі</ref> (Үлгі:Lang-ko3) — Оңтүстік Кореядағы ең үлкен арал және ең кіші провинция. Оның әкімшілік орталығы — Чеджу қаласы<ref>Егер әңгіме арал туралы болса, онда ол ханча тілінде «Чеджу-до» 濟州島 деп жазылады, ал провинция туралы айтылса, онда 濟州道 деп жазылады</ref>. Арал Корей бұғазында, 1946 жылға шейін Чеджу бөлігі болған, Чолла-Намдо провинциясының оңтүстік-шығысына таман орналасқан.
Мазмұны
Атауы
Корей тілінде до — «арал» (島) және «провинция» (道) деген қытай иероглифтерінің фонетикалық транскрипциясы. Сондықтан Чеджудо атауы арал деген мағынаны да, әкімшілік бірлікті де білдіреді.
Қазақша | Ресми атауы | Хангыль |
Чеджу (арал) | Чеджудо | 제주도 |
Чеджу (провинция) | Чеджудо | 제주도 |
Чеджу (қала) | Чеджу-си | 제주시 |
Төменде аралдың тарихи атаулары көрсетілген:
- Тои (도이, 島夷)
- Тонъёнджу (동영주, 東瀛州)
- Чухо (주호, 州胡)
- Тхаммора (탐모라, 耽牟羅)
- Сонна (섭라, 涉羅)
- Тханна (탁라, 竣羅)
- Тхамна (탐라, 耽羅)
Әкімшілік бөлінісі
Чеждудо екі қалаға(«си») бөлінген. Келесі кестеде олардың атаулары қазақша оқылуымен, хангыльда және ханчада көрсетілген. Сондай-ақ 2006 жылға дейін бұл аралда қос уезд болған — Намчеджу және Пукчеджу. 2006 жылы олар Согвипхо қаласымен біріктірілген.
Карта | № | Аталуы | Хангыль | Ханча | Әкімшілік статус |
---|---|---|---|---|---|
Сурет:Jeju-do sub map.png | |||||
1 | Чеджу | 제주시 | 濟州市 | Қала | |
2 | Согвипхо | 서귀포시 | 西歸浦市 | Қала |
Провинция нышандары
- Гүл: Рододендрон (Үлгі:Btname — Чхамккот)
- Ағаш: Камфор ағашы (Үлгі:Btname — Нокнаму)
- Құс: Ақжон тоқылдақ (Үлгі:Btname)
Бауырлас-аймақтар
Келесі аймақтардың барлығы арал болып саналады:
- Үлгі:Байрақ Хайнань (Қытай)
- Үлгі:Байрақ Гавай аралдары (АҚШ)
- Үлгі:Байрақ Сахалин (Ресей)
- Үлгі:Байрақ Бали (Индонезия)
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Оңтүстік Кореяның әкімшілік бөлінісі