Сахалин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Арал

Сурет:О. Сахалин.png
Сахалин аралы

Сахалин — Азияның шығыс жағалауында орналасқан арал. Ресейдің Сахалин облысы құрамына кіреді. Осы елдегі ең үлкен арал. Охота және Жапон теңіздерімен шектеседі. Құрлықтық Азиядан Татар бұғазы арқылы бөлінген (ең қуыс жері — Невельский бұғазында — ені 7,3 км-ге тең және қыста қатады); жапониялық Хоккайдо аралынан — Лаперуз бұғазы арқылы бөлінген.

Географиясы

Климаты

Сахалиннің климаты — қоңыржай-муссонды (қаңтардағы орташа температура оңтүстігінде −6ºС-дан солтүстігінде −24ºС-ке дейін, тамызда — сәйкесінше +19ºС-дан +10ºС-ға дейін), ұзақ салқын қарлы қысы және орташа жылы жазы бар теңіз климаты. Аралдағы орташа жылдық температура (көп жылғы мәліметтер бойынша) солтүстігінде шамамен −1,5ºС, ал оңтүстігінде — +2,2ºС.

Халқы

Сахалин — Ресей Федерациясы құрамындағы халқы жөнінен ең ірі арал. 2010 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Сахалин мен Курил аралдарындағы халық саны 510,9 мың адамды құрады<ref name="sakhalin.info">Численность населения Сахалина и Курил составляет 510,9 тыс. человек. 03.02.2010.</ref>, Сахалин аралының өз халқы 493 мың адам болды.

2002 жылғы жалпыресейлік санақтың нәтижесі бойынша аралды 527 268 адам мекендейді, оның ішінде 253 304 ер және 273 964 әйел адам. Халықтың 84 %-і — этникалық орыстар, қалғандары — корейлер (5,6 %), украиндар (4,0 %), татарлар (1,2 %), белорустар (1,0 %), мордвалар (0,5 %), 1 %-тен аз бөлігін Солтүстіктің байырғы тұрғындары — нивхтар (0,5 %) мен ороктар (0,06 %) құрайды.

Сахалиннің ең ірі қаласы — облыс орталығы Южно-Сахалинск (190 227 адам), қалған салыстырмалы түрде үлкен қалалары — Корсаков (33 148 адам), Холмск (29 563 адам), Оха (21 830 адам), Поронайск (15 476 адам), Долинск (11 885 адам), Невельск (10 965 адам)<ref>Численность населения Российской Федерации по муниципальным образованиям, 1 қаңтар 2013 ж. — М.: Федеральная служба государственной статистики Росстат, 2013. — 528 с. (Табл. 33.</ref>.

Түсініктемелер

<references></references>

Сахалин көркем әдебиетте

Сілтмелер