Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев (27 маусым 1986, Кентау, Шымкент облысы) — қазақстандық саясаткер, партия және қоғам қайраткері, 2026 жылдан бастап Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. Мәжілістің VII және VIII сайланым депутаты (2021—2026), «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы (2023).
Өмірбаяны
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы сол жерден саясаттану магистрі дәрежесін алды.
2006-2010 жылдар аралығында «Болашақ» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, «Жастар үні» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдары — «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалының хатшысы болды.
2015-2017 жылдары — Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.
2019-2020 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
2020 жылдың 23 қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» партиясы қарамағындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 11 қаңтарына дейін «Нұр Отан» партиясының (2022 жылдың 1 наурызынан бастап «Аманат» партиясы болып өзгертілді) партиялық тізімі бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты болды.
2023 жылдың 4 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы болды.<ref>Елнұр Бейсенбаев Amanat партиясы атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалды</ref>
2023 жылғы 29 наурыздан бастап 2026 жылғы 11 ақпанға дейін «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол күні «Аманат» партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі болып сайланды.<ref>Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі сайланды</ref><ref>Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды</ref>
2026 жылғы 9 ақпанда ол Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.<ref>Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды</ref>
Марапаттары
- «Құрмет» ордені (Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
- Алғыс хаттары: Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтан (2016), Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтан (2019)