Слесарь Марионелла Васильевна

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:27, 2026 ж. мамырдың 29 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Delete


Үлгі:Ғалым Слесарь Марионелла Васильевна (9 наурыз 1963, Қазақ КСР, Қостанай облысы) — ғалым-педагог, қоғам қайраткері, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі саласының маманы. Педагогика ғылымдарының кандидаты және Өңірлік менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры.<ref>Региональная академия менеджмента. Слесарь Марионелла Васильевна. URL: https://www.regionacadem.org/index.php?option=com_content&view=article&id=270&Itemid=5&lang=ru%3c/ref%3e%3cref%3e%D0%9A%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9</ref>

Өмірбаяны

1963 жылы 9 наурызда Қазақ КСР, Қостанай облысы, Қостанай ауданының Озерный ауылында дүниеге келді.

Білімі

1985 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын «Француз және неміс тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2011–2013 жылдары З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алды. 2014 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша аяқтады. 2014 жылғы желтоқсанда Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Мансабы

Жеке өмірі

Тұрмыста. Бір қызы бар.

Ғылыми және әдістемелік қызметі

Ғылыми және әдістемелік қызметі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және педагогтердің кәсіби өсу мәселелерімен байланысты. Білім беру және педагогтердің кәсіби дамуы мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысқан.<ref>III Международная электронная научно-практическая конференция. Программа конференции (2022). URL: https://donrirokonf.tilda.ws/2022_s2</ref><ref> Сборник материалов международной научно-практической конференции (8 декабря 2021 года). URL: https://elib.osu.ru/bitstream/123456789/14824/1/%D0%A1%D0%B1%D0%BE%D1%80%D0%BD%D0%B8%D0%BA%20%288%20%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%B1%D1%80%D1%8F%202021%29.pdf</ref> Педагогика, білім беруді басқару және педагогтердің кәсіби дамуы тақырыптарында ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдардың авторы. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптамалық бағалауға қатысқан. 2019 жылы «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығы кеңесінің тең төрағасы болып сайланды.<ref>Протокол заседания Совета Международного методического центра «Академия педагогического мастерства: навыки XXI века» от 6 ноября 2019 года. URL: https://akadem.irooo.ru/images/files/documents/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%BE%D0%BA%D0%BE%D0%BB_1_%D0%BE%D1%82_06.11.pdfҮлгі:Deadlink</ref>

Қоғамдық қызметі

Білім беру саласындағы қоғамдық және сараптамалық қызметке белсенді қатысады. «AMANAT» партиясының консультативтік-кеңесші органы, облыстық Аналар кеңесі мүшесі, сондай-ақ «Жануя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.<ref>Учительская плюс Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета. URL: https://uchitelskaya.kz/intervyu/prezhde-chem-sprashivat-nuzhno-nauchit</ref>

Еңбектері

Негізгі жарияланымдары педагогика, білім беруді басқару, кәсіби даму және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелеріне арналған.

Марапаттары мен атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер