Өрлеу (орталық)
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғылыми ұйым
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (Үлгі:Lang-ru; Үлгі:Lang-en) — Қазақстан Республикасындағы педагогтердің біліктілігін арттыруды, ересектерді оқытуды, сондай-ақ білім беру жүйесіне әдістемелік және ғылыми-талдамалық сүйемелдеу көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ұйым.<ref name=":0">https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/about/structure/organization/leadership/574/1?lang=kk</ref>
Мазмұны
Миссиясы
Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, олардың өмір бойы білім алуға деген ынтасын қолдау, сапалы білім беру мазмұнын қалыптастыру және кәсіби білім алушы қауымдастықта инновациялық білім мен тәжірибенің алмасуын қамтамасыз ету.<ref name=":0" />
Тарихы
Орталықтың қалыптасу тарихы 1948 жылдан бастау алады. Сол жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен бірқатар облыстарда педагогтердің біліктілігін арттыру институттары құрылды. 1950–1952 жылдары бұл желі Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарында кеңейтілді.<ref>https://orleu-edu.kz/</ref>
2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институты мен өңірлік институттар біріктіріліп, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2021 жылы орталықтың бас кеңсесі Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. 2023 жылы Түркістан облысында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өкілдіктер ашылды. 2025 жылы Түркістан облысында филиал жұмысын бастады.<ref>https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1048368</ref>
Басқару және құрылымы
Орталықтың корпоративтік басқару жүйесіне:
- жоғарғы орган — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі;
- басқару органы — Директорлар кеңесі;
- алқалы атқарушы орган — Басқарма;
- қаржылық-шаруашылық қызметке бақылау жүргізетін орган — Ішкі аудит қызметі жатады.
2025 жылғы жағдай бойынша орталықтың институционалдық желісі 16 өңірлік филиал мен 3 өкілдіктен тұрады. Кадрлық құрамында 743 қызметкер бар, оның ішінде оқу қызметін жүзеге асыратын 283 педагог жұмыс істейді. Ұйымдық құрылым Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №133-СД шешімімен бекітілген.
Қызметі және халықаралық ынтымақтастық
Орталық педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы саласында білім беру бағдарламаларын іске асырады, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді және білім беру жүйесіне талдамалық қолдау көрсетеді.
Ұйымның институционалдық қызметі Германияның ACQUIN агенттігі жүргізген халықаралық аккредитация арқылы расталған.<ref>https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1096715?lang=kk</ref> Сондай-ақ орталықтың 12 білім беру бағдарламасы IAAR агенттігінің халықаралық бағдарламалық аккредитациясынан өткен.
Орталық педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. ЮНЕСКО<ref>https://iite.unesco.org/news/the-national-centre-for-professional-development-orleu-with-the-support-of-unesco-iite-launched-a-large-scale-teacher-training-in-the-field-of-ai/?utm_source</ref> және ЮНИСЕФ ұйымдарымен бірлескен жобалар, сондай-ақ British Council серіктестігіндегі AELLCA бағдарламасы іске асырылуда.<ref>https://kazakhstan.britishcouncil.org/programmes/english-programmes/english-in-education/aellca-accelerating-english-language-learning-central-asia?utm_sourceҮлгі:Deadlink</ref>
«Өрлеу» қызметкерлері IPDA және ISTE сияқты халықаралық кәсіби қауымдастықтарға қатысады, ал негізгі халықаралық серіктестері қатарына Colby College (АҚШ), RCEC (Нидерланд), University of Houston (АҚШ), А. Авлони атындағы Ұлттық біліктілікті арттыру институты (Өзбекстан) және NILE (Ұлыбритания) кіреді. Халықаралық бастамаларды сараптау мақсатында Консультациялық кеңес құрылған. Сонымен қатар, орталық шетелде қазақ тілінде сабақ беретін педагогтерге біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.<ref>https://orleu-edu.kz/%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%84%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%82%D1%8B-%D0%BE%D1%82-%D3%A9%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%83-%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D1%83%D1%87%D0%B8%D0%BB%D0%B8-112-%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B0/</ref>
«Өрлеу» қызметкерлері ғылыми және әдістемелік еңбектерін отандық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда жариялайды, сондай-ақ республикалық және өңірлік ғылыми-әдістемелік журналдар мен педагогикалық басылымдарды шығарады.
Басылымдар тізімі
| Журнал атауы (қазақ және орыс тілдерінде) | Журнал түрі | |
| 1 | «ШҚО Педагогика жаршысы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 2 | «Ұстаз әлемі» ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті | газет |
| 3 | «Құзыретті педагог» Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 4 | Республикалық педагогикалық журналы «Bilim KZ» | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 5 | «Тренер- Education» Республикалық ақпараттық-әдістемелік журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 6 | «Педагогикалық ғылым және практика» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 7 | «Бiлiм-инфо» ақпараттық-әдістемелік хабаршысы | жаршы |
| 8 | «Өрлеу-Шымкент» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 9 | «Педагогикалық Альманах» Кәсіби (ғылыми-әдістемелік) журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 10 | «Хабаршы» Атырау ғылыми-әдістемелік журналы | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 11 | «Білім берудегі менеджмент» ақпарат-әдістемелік хабаршысы | жаршы |
| 12 | «Педагогикалық даму» ақпараттық-педагогикалық журнал | ақпараттық-педагогикалық журнал |
| 13 | "Мұғалім журналы" Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал | ғылыми-әдістемелік.журнал |
| 14 | «Ustaz» ғылыми-әдістемелік журналы | ғылыми-әдістемелік.журнал |
| 15 | «Zhaiyk ustazy» ақпараттық, танымдық, әдістемелік газеті | ғылыми-әдістемелік.журнал |
| 16 | «Маңғыстау әдіскері» Республикалық ғылыми-әдістемелік танымдық журнал | ғылыми-әдістемелік және танымдық журнал |
| 17 | «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы» ғылыми журналы | ғылыми журнал |
| 18 | «Өрлеу. Тиімді сабақ» әдістемелік журналы | әдістемелік журнал |
| 19 | «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-әдістемелік журнал | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 20 | «Master.KZ» ақпараттық агенттік (электрондық газет) | газет |
| 21 | «БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАЛАЛАР-БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ» ақпараттық агенттік (электрондық газет) | газет |
| 22 | Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Хабаршы» | ғылыми-әдістемелік журнал |
| 23 | Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Orleu EDU Turkistan» | ғылыми-әдістемелік журналы |