Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Ұзынағаш ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, инженер, экономист, 2022 жылдан бастап Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Бұрын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2019—2022), Сыртқы істер министрі (2018—2019), Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2016—2018), Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2015—2016) сияқты ірі лауазымдар атқарған.
Өмірбаяны
Бейбіт Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Білімі
- 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
- 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген,
Қызмет жолы
- 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы.
- 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары.
- 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді.
- 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші.
- 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші
- 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы.
- 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі.
- 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.<ref>Акимом ЮКО назначен Бейбут Атамкулов</ref>
- 7 қазан 2016 жылы - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.<ref>Указ «О назначении Атамкулова Б. Б. Министром оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» — Официальный сайт Президента Республики Казахстан</ref>
- 26 желтоқсан 2018 жылы - 18 қыркүйек 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
- 18 желтоқсан 2019 жылы - 11 қаңтар 2022 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі<ref>Указ О назначении Атамкулова Б.Б. Министром индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан</ref>.
- 31 қаңтар 2020 жылы - Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды<ref>Бейбут Атамкулов получил новую должность</ref>. 2022 жылғы 15 ақпанда лауазымнан босатылды.<ref>Досрочно прекращены полномочия Президента Федерации шахмат Атамкулова Б.Б.</ref>
- 2022 жылы 31 қазаннан бастап — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.<ref>Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы</ref>
Марапаттары
| Мемлекет | Берілген уақыт | Марапат | |
|---|---|---|---|
| Үлгі:Flag | 2001 | Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | - | Құрмет ордені | |
| Үлгі:Flag | - | Парасат ордені | |
| Үлгі:Flag | 2008 | Астанаға 10 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | 29.05.2019 | «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі | |
| Үлгі:Flag | 2019 | «Белсенді қызыметі үшін» медалі | |
Дереккөздер
Үлгі:Start box Үлгі:Succession box Үлгі:End box
Үлгі:Бастама Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті