Ұзынағаш (Алматы облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ҰзынағашАлматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, аудан (1934) және Ұзынағаш ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Қонаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 121 км, Алматы қаласынан батысқа қарай 44 км жерде, Қарасу және Ұзынағаш өзендері аралығында, Іле Алатауының сайлы-жыралы келген солтүстік етегінде, бұта, ши аралас бетеге, қау, селеу өскен тауалдының сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейтті белдемінде орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
23887 Үлгі:Өсім30585 Үлгі:Өсім46159 150,9 14948 Үлгі:Өсім23153 154,9 15637 Үлгі:Өсім23006 147,1

Тарихы

1929-56 жылдары Ленин атындағы және 1956-97 жылдары өзімен аттас сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Ұзынағаштағы бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелердің басым көпшілігі жекешелендірілді. Олардың негізінде ЖШС, өндірістік кооперативтер мен акционерлік қоғамдар, т.б. шаруашылық субъектілері құрылды. Аудандық бағыныстағы коммуналдық шаруашылық, электрлі энергия желісі, баспахана, телекоммуникация, байланыс бөлімшелері, т.б. мекемелер бар.

Инфрақұрылымы

Аурухана, емхана, дәріхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, санэпидстанса, мектеп, мектеп-интернат, спорт мектебі, кітапхана, мәдениет үйі, клуб, стадион, мешіт, қонақ үйі, т.б. әлеуметтік және мәдени ошақтар жұмыс істейді. Ұзынағаш жанынан республикалық дәрежедегі Алматы-Шымкент автомагистралі өтеді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жамбыл ауданы елді мекендері (Алматы облысы)