Николай Васильевич Торшин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Суретші Николай Васильевич Торшин (14.05.1937, Қостанай облысы Урицк ауданы (қазіргі Алтынсарин ауданы) Қарғалы ауылында туған) - суретші. Орыс.

Еңбек жолы

  • Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірген (1966), суретші, сызу және бейнелеу пәндерінің оқытушысы.
  • 1966 жылдан бері - Қазақ көркемөнер қоры Қостанай көркемөнер-өндірістік шеберханасының (қазіргі ҚР Суретшілер одағы Қостанай облыстық ұйымының шығармашылық студиясы) суретші-кескіндемешісі.
  • 1994 жылдан бері - ҚР Суретшілер одағы Қостанай облыстық ұйымының шығармашылық студиясының директоры.

Шығармашылығы

  • Жеке көрмелері болған (1977, 1987, 1997).
  • Барлық облыстық және республикалық көрмелерге (1966-2004), үш Бүкілодақтық көрмеге (Мәскеу: 1988,1989), Ресей көрмелеріне (Челябі, Троицк, 2002) қатысқан.

Қоғамдық жұмысы

  • ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1990).

Марапаттары

  • «Астана» медалімен марапатталған (1998).
  • Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2004).
  • Астана қаласындағы Президент резиденциясына арналған көркем-өнер жұмыстары конкурсының жеңімпазы (1998).

Отбасы

  • Әкесі - Торшин Василий Иванович, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Бугаевская Антонина Ивановна, марқұм, хат тасушы болып жұмыс істеген.
  • Үйленген. Жұбайы - Дербуш Валентина Иосифовна, зейнеткер, педагог.
  • Ұлдары - Сергей (1964 жылы туған), Игорь (1972 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала