Николай Васильевич Торшин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торшин Николай Васильевич. 1937 жылы 14 мамырда Қостанай облысы Урицк ауданы Қарағалы ауылында туған. Орыс. Әкесі - Торшин Василий Иванович, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Бугаевская Антонина Ивановна, марқұм, хат тасушы болып жұмыс істеген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірген (1966), суретші, сызу және бейнелеу пәндерінің оқытушысы. Жеке көрмелері болған (1977, 1987, 1997). Барлық облыстық және республикалық көрмелерге (1966-2004), үш Бүкілодақтық көрмеге (Мәскеу: 1988,1989), Ресей көрмелеріне (Челябі, Троицк, 2002) қатысқан. 1966 жылдан бері - Қазақ көркемөнер қоры Қостанай көркемөнер-өндірістік шеберханасының (қазіргі ҚР Суретшілер одағы Қостанай облыстық ұйымының шығармашылық студиясы) суретші-кескіндемешісі. 1994 жылдан бері - ҚР Суретшілер одағы Қостанай облыстық ұйымының шығармашылық студиясының директоры. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1990). «Астана» медалімен марапатталған (1998). Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2004). Астана қаласындағы Президент резиденциясына арналған көркем-өнер жұмыстары конкурсының жеңімпазы (1998). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың экономикалық, саяси, мәдени деңгейінің жақсаруы». Хоббиі - музыка, баянда ойнау, ән салу. Сүйіп оқитын әдебиеті - «ТАӨ» әдеби сериясы. Үйленген. Жұбайы - Дербуш Валентина Иосифовна, зейнеткер, педагог. Ұлдары - Сергей (1964 жылы туған), Игорь (1972 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} бас әріп

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub