Сасық өзені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:37, 2025 ж. шілденің 14 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету
Сасық – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 77 км, су жиналатын алабы 706 км2.
Бастауы
Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Бөген өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары тар, арнасы тік жарлы, батыс жағы биік. Жер асты және қар суларымен толығады. Жылдық орташа су шығыны сағасында 0,51 м3/с. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады.<ref>Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы</ref>