Жер асты суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kippe mit See.gif
Жер асты суы

Жер асты суыжер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>

Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.

Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.

Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады.

Мазмұны

Жер асты суының кен орны

Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 – 30 м) жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан.

Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 – 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.

Жер асты суының қоры

Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор – геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс – жауын-шашынның, өзен суларының жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры – аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.

Жер асты суын қорғау

Жер асты суын қорғау – жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиістілігін қадағалау. Газ, мұнай, көмір және басқа да кен байлықтарды іздестіруге, барлауға және пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізген кезде ашылған жер астындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс. Суы өздігінен құйылып жатқан ұңғымалар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы доғарылған реттегіш құрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуға жатады. Өнеркәсіптік пайдаланылған ақаба суды төгуге арналған сіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымалар ауыз сумен және тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабатты ластаудың көзі болып табылуы мүмкін реттерде тыйым салынады. Cіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер жүргізілгеннен кейін берілген табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың оң қорытындылары болған кезде жол беріледі. Сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты сулары түзілетін және олар жатқан жерлерде қатты және сұйық қалдықтар, төгінділер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жер асты суларын ластау көзі болып табылатын басқа да нысандарды салуға жол берілмейді. Жер асты суларын пайдаланатын кәсіпорындар оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Грунт суы

Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралық жер асты суы.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Артезиан сулары

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

Минералды сулар

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген.

Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.<ref>Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х</ref>

Жер асты су ағыны

Жер асты су ағыны - таужыныстардың ішінде арын күшінің азаю жағына (бағытына) карай козғалатын жер асты суы.

Жер асты су ағынының алабы

Жер асты су ағынының алабы— жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі (табиғи гидродинамикалық жүйе). Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.

Сурет:Kippe mit See.gif
Жер асты суы

Жер асты су жинау шекарасы

Жер асты су жинау шекарасы— аумағында жер асты сулары жиналатын таужыныстардың таралу ауданының контуры.

Жер асты сужиғысы

Жер асты сужиғысы- жер асты суларының өзен (көл, теңіз) торабына сүзіліп келетін аумағы. Синонимдері: гидрогеологиялық алап, сужиғы ауданы.

Жер асты сулары

Жер асты сулары — жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі (сұйық, газ төрізді, қатты) сулар. Орналасуына карай жер асты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша — қалқыма (үстіңгі) су, грунт және артезиан сулары болып ажыратылады.

Жер асты сулары балансының теңдеуі

Жер асты сулары балансының теңдеуі — жер асты суларының бір жерге ағып келуі мен ағып кетуі элементтері арасындағы байланыс тендеуі. Тұйық алап үшін оның кіріс бөлігін алап аумағында жауатын жауын-шашын, су буларының конденсациялануы және жер астылық ағып келу құрайды; шығыс бөлігі жер үсті ағынынан, буланудан және алаптан жер астымен ағып кететін судан тұрады.

Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы

Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы (лат.amplitudo— мөлшер, шама) — жер асты сулары деңгейінің әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың әсерінен белгілі бір деңгейден (тұрақталған) көтеріліп-төмендеу шамасы (ауқымы).

Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы

Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы — жер асты сулары деңгейінің белгілі бір уақыт ішінде көп ауытқымай, бір шамада болуы.

Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері

Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері — белгілі бір жүйелілікпен байланысқан генетикалық процестердің жиынтығы. Үш генетикалық цикл сараланады

  • 1) инфильтрациялық немесе континенттік;
  • 2) теңіздік немесе шөгіндік;
  • 3) метаморфтық және магмалық.

Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы

Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы — жер асты суларының пайда болуын үйықтық сулардың шөгінді жиналу (шөгіндену) процесінде көміліп, соңынан олардың диагенез және катагенез стадияларында өзгеруімен түсіндіретін теория. Осындай жолмен артезиан алаптарындагы тереңде жатқан жер асты суларының негізгі бөлігі (массасы) пайда болатындыгы дәлелденді.

Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы

Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы— жер асты суларының пайда болуын таужыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындагы және баска да қуыстарындагы атмосфералық ауаның су буларының конденсациялануынан деп түсіндіретін теория.

Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы

Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы - бұл теория бойынша жер асты сулары жер қойнауының өте терең қабаттарында оттек пен сутектің қосылуынан немесе магмадан бөлініп шыққан су буларынан пайда болады.

Жер асты суларын барлау

Жер асты суларын барлау - жер асты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жүмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зертгеулер кешені. Жер асты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және паңдаланудағы барлау болып ажыратылады.

Жер асты суларын жіктеу

Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:

  • 1) табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;
  • 2) жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;
  • 3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.

Жер асты суларын пайдалану

Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу

Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамбөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.

Жер асты суларын шегендеу

Жер асты суларын шегендеу - жер асты суларын шаруашылықта пайдалану мақсатымен оларды ашып, жер бетіне шығару үшін орыңдалатын инженерлік-техникалық жұмыстар және осындай жұмыстарды жүргізуге арналған құрылғылар (құдық, ұңғыма, су жинау галереясы).

Жер асты суларын іздеу және барлау

Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.

Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы

Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы - жер асты суларында әдетте еріген күйде болатын газдың осындай сулардың көмегімен жер қыртысының бір түсынан басқа тұсына (бөлікшесіне) орын ауыстыруы. Суда еріген газдар сулы қатғарда қозғалатын сумен бірге, сондай-ақ диффузиялық және эффузиялық процестердің нәтижесінде орын ауыстырады. Көмірсутекті газдардың ішінде ең жақсы жылжитыны — метан.

Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы

Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы — мұндай элементтер қоспаларының түпкі кен орнынан басқа жаққа оны қоршаған таужыныстардағы сулармен бірге орын ауыстыруы, соңынан олардың мүмкін болатын су ерітінділерінен тұнуы және тұнған шөгінділердің әдденеше рет жаңадан еруі және қайтадан түзілімденуі. Элементтердің жылыстау қабілеті олардың концентрациясына және геологиялық ортаның құрамына, температурасы мен қысымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

Жер асты суларының алабы

Жер асты суларының алабы - гидрогеологиялық алап терминінің синонимі.

Жер асты суларының балансы

Жер асты суларының балансы — сулы таужыныстың берілген көлеміндегі жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама уақыт ішінде алынатын (шығындалатын) су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоректену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жер асты суларының болжамдық қоры

Жер асты суларының болжамдық қоры — жер асты суларының жалпы гидрогеологиялық түсініктер, теориялық алғышарттар, геологиялық және гидрогеологиялық карталау нәтижелері, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрологиялық және субаланстық зерттеулер негізінде шамалап, жорамалданатын олеуеттік қоры (мөлшері). Жер асты суларының болжамдық қоры туралы мәліметтер жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жоспарлағанда пайдаланылады, сонымен катар жер асты және жер үсті суларын кешенді пайдалану мен қорғау шараларын белгілегенде ескеріледі.

Жер асты суларының балансы - Кен орындарындағы есептелген минералдық шикі заттар қоры.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Жер асты суларының газдық құрамы

Жер асты суларының газдық құрамы — жер асты суларында еріген газдардың

Олардың пайда болуы атмосферамен, мантияның газсыздануымен, жердің терең қойнауында және оның бетінде болатын химиялық және биохимиялық процестермен байланысты.

Жер асты суларының генетикалық түрінің графигі

Жер асты суларының генетикалық түрінің графигі - жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жүйелеу тәсілі. Бұлайша жүйелеуде жер асты суларының химиялық құрамы мен пайда болуы арасында байланыс болады деп есептеледі.

Жер асты суларының геологиялық қорлары

Жер асты суларының геологиялық қорлары - жер асты су ағынына қатынасатын және литосфераның қанығу белдемінің кеуектерін толтырып тұратын жер асты суларының көлемі; оларға жер асты суларының берік байланысқан суынан басқа барлық түрлері кіреді. Қорлар: динамикалық, статикалық, серпімді болып бөлінеді.

Жер асты суларының геохимиясы

Жер асты суларының геохимиясы — жер асты суларының химиялық құрамының қалыптасуы мен таралу зандылықтарын химиялық элементтердің жалпы жер қыртысында жыныстау (миграция) жағдайларымен ұштастыра отырып зерттейтін гидрогеология ғылымының саласы. Жер асты суларының геохимиясының дамуы геохимияның бөлігі ретінде әр түрлі пәндердің (химия, физика, гидрохимия, гидрогеология, микробиология және т.б.) тоғысында жүзеге асады.

Жер асты суларының депрессиясы

Жер асты суларының депрессиясы — жер асты суларының еркін немесе арынды бетінің табиғи (құрсайлар, аңғарлар) немесе жасанды дреналарға (ұңғымалар, құдықтар, құрғату каналдары және т.б.) қарай төмендеуі.

Жер асты суларының динамикасы

Жер асты суларының динамикасы

  • — 1) гравитациялық жер асты суларының жер қыртысына тон таужыныстар ауқымында әр түрлі табиғи және жасанды факторлар есебінен қозғалуын зерттейтін ғылыми сала;
  • - 2) Жер асты суларының таужыныстар қимасындағы қозғалысы.

Жер асты сулараның жалпы қоры

Жер асты сулараның жалпы қоры — жер асты суларының статикалық және динамикалық қорларының жиынтығы. Жер асты суларының табиғи ресурстары.

Жер асты суларының жаңаратын қоры

Жер асты суларының жаңаратын қоры — жер асты суларының динамикалық қоры терминінің синонимі.

Жер астысуларының жылыстауы

Жер астысуларының жылыстауы — жер асты суларының бір сулы таужыныстан (немесе таужыныстар қат-қабатынан) сапасын сақтай отырып, басқа сулы қабатқа сүзіліп өтуі.

Жер асты суларының игерілетін қоры

Жер асты суларының игерілетін қоры — аумағы анықталған сулы горизонттан (қаттан) сутартқы құрылыстар арқылы, берілген пайдалану режимінде және су сапасының барлық есептелген түтыну уақыты ішінде өзгермеуі жағдайында, техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде алуға болатын су мөлшері. Ол көбінесе тәулігіне текше-метрмен өлшенеді. Игерілетін қор жер асты суы кенорнының барланғандық дәрежесіне, су сапасының зерттелгендігіне және пайдалану жағдайларына байланысты 4 категорияға бөлінеді: А, В, С, және С2.

Жер асты суларының иондық - тұздық құрамы

Жер асты суларының иондық - тұзждық құрамы — жер асты суларының таужыныстармен, топырақпен және газдармен әрекеттесуі (шаймалану, булану, конденсациялану, иондық алмасу, организмдердің тіршілік әрекеті және т.б.) нәтижесінде қалыптасатын химиялық құрамы. Табиғи суларда иондар, диссоциацияланбаған молекулалар (соның ішінде газдар) және коллоидтер түрінде болатын 60-тан астам элементтер анықталған. Алайда олардың кейбіреулері ғана едоуір мөлшерде болады. Мұндай элементтердің қатарына жай иондар түрінде (Na+, Са+, Mg2+, Сl+) қатынасатын натрий, кальций, магний және хлор, сондай-ақ күрделі иондар диссоциацияланбаған молекулалар мен коллоидтер және еріген газдар түрінде болатын көміртек, күкірт, азот, оттек, сутек және кремнийлер жатады. Аталған элементтердің бәрі " дм3 өлшенетін мөлшерде кездеседі. Олардың кейбіреулерінің 1 дм3-дегі мөлшері көбінесе ондаған, кейде жүздеген грамға жетеді. Әдеттегі табиғи сулардағы элементтердің көпшілігі өте аз мөлшерде (1 дм суда ондаған микрограмм) кездеседі. Мүндай элементтерге мырыш, мыс, қорғасын, күшән, молибден және басқада көптеген микроэлементтер жатады. Табиғи суларда бейорганикалық қоспалармен қатар еріген органикалық заттар да болады. Табиғи сулардың микроэлементтері.

Жер асты суларының кадастры

Жер асты суларының кадастры — жер асты сулары жайындағы барлық деректердің жүйеленген және үнемі толықтырылып отыратын жинағы.

Жер асты суларының қалыптасуы

Жер асты суларының қалыптасуы — жер қыртысының ішінде өздеріне тән барлық белгілерімен (нақты көлемдік көрсеткіштерімен, химиялық және газдық құрамымен, температурасымен және қозғалу жылдамдығымен) сипатталатын сулардың пайда болуына әкелетін табиғи процестер жиынтығы.

Жер асты суларының ластануы

Жер асты суларының ластануы — жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:

  • 1) аздап (сол) ластанған — су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ

пайдаланудың нақты түрлері үшін шектелген рауалы концентрациядан (ШРК)төмен;

  • 2) ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше есе артық;
  • 3) өте ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан әлдеқайда артық және ластану көзіндегі ерітінді қүрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері: ластағыш заттардың түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттардың ену жағдайлары, ластану масштабы белгілері бойынша жіктеледі.

Жер асты сулатының метаморфтануы

Жер асты сулатының метаморфтануы(грек, metamorphosis - айналу) — ортаның әдетте тотықсыздандыру жағдайларында өтетін және суларда Са, Sг, Вг және басқа да құрам бөліктердің жиналуына әкелетін жер асты сулары химиялық құрамының өзгеру процесі.

Жер асты суларының органикалық заттары

Жер асты суларының органикалық заттары - жер асты суларында еріген күйде иондық, молекулалық және коллоидтік түрде болатын органикалық қоспалар. Олардың құрамына: шайыр және май, нафтен және амин қышқылдары, фенолдар, бензолдар, кейбір көмірсутектер және т.б. кіреді. Жер асты сулатының метаморфтануын зерттеудің мұнай түзілу және мұнай жиналу процестерін тануда үлкен маңызы бар.

Жер асты суларының пайда болу түрлері

Жер асты суларының пайда болу түрлері - пайда болу ерекшеліктеріне қарай жер асты сулары бес түрге бөлінеді:

  • 1) инфильтрациялық сулар (жауын-шашын, өзен-көл, бөген суларының таужыныстарға сіңуінен пайда болалы);
  • 2) конденсациялық сулар (таужыныстардың кеуектеріндегі, куыстарындагы және жарықшақтарындағы су буының қоюлануынан жиналады); *3) седиментациялық сулар (шөгіндену процесі болған алаптар есебінен пайда болады);
  • 4) органикалық текті сулар (көмілген саз-үйықты шөгінділерде болатын органикалық заттардың ыдырауынан пайда болады);
  • 5) өте теренде пайда болатын, немесе ювенилді сулар (жер қыртысының терең белдем деріндегі магмамен тікелей байланысты сулар).

Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуы — жер асты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі.

Жер асты суларының режімі

Жер асты суларының режімі — жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процесс. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын кушінің, өтімінің ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық, газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды.Жер асты суларының режімі оларға әсер ететін факторлардың басымдылығына қарай табиғи және бұзылған болып негізінен екіге бөлінеді.

Жер асты суларының резервуары

Жер асты суларының резервуары — жер асты суларын жинап сақтауға қолайлы, сыйымдылығы мол орын.

Жер асты суларының ретеулі қоры

Жер асты суларының ретеулі қоры — еркін (ашық) бетті жер асты сулары деңгейінің мерзімді ауытқу белдеміндегі су көлемі.

Жер асты суларының серпімді қоры

Жер асты суларының серпімді қорыжер астындағы арынсулы қатты (горизонтты) ұңғымамен ашқанда және ондағы қысымды сутартумен төмендеткенде (немесе су жер бетіне өз бетімен шапшып төгілгенде) серпімді күштердің әсерімен судың көлемдік улғаюы мен қаттың (таужыныстың) өзінің кеуектерінің кішіреюі нәтижесінде босап шығатын жер асты суларының мөлшері.

Жер асты суларының сутартқысы

Жер асты суларының сутартқысы — жер асты суларын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін және басқа да ақсаттарда (жер қойнауынан минералды шипалы, өнеркәсіптік бағалы және т.б. суларды шығару) пайдалану үшін салынатын гидротехникалық құрылыс. Жер асты суларының сутартқыларын пайдалану жағдайлары мен атқаратын міндеттеріне қарай негізінен: тік (үңғымалар, қүдықтар), көлбеу (галереялар, штольнялар, дреналар, кәріздер), сәуле тәрізді және жер асты табиғи су көздерін шегендеу (каптаж) болып бөлінеді. Үңғымалық сутартқы егер сулы қабаттың барлық (толық) қалыңдығын кесіп өтсе, ол жетілген, ал егер ол сулы горизонтқа тек жарым-жартылай кірсе және сутірекке жетпесе — жетілмеген Жер асты суларының сутартқысы деп аталады.

Жер асты суларының табиғи ресурстары

Жер асты суларының табиғи ресурстары — сулы горизонттың табиғи жағдайда қәректенуін қамтамасыз ететін, жыл сайын үздіксіз жиналып, толығып отыратын су мөлшері. Ол атмосфералық жауын-шашынның, жер бетіндегі суқоймалар мен ағынсулардың жерге сіңуі, жер асты суларының одан жоғары және төмен орналасқан горизонттардан және шектес аумақтардан сүзіліп келуі нәтижесінде қалыптасады. Жер асты суларының табиғи ресурстары сулы қабаттың көлденең қимасынан белгілі уақыт ішінде (жыл, тәулік, сағат, секунд) ағып өтетін су көлемімен өлшенеді. Синонимі: жер асты суларының динамикалық қоры.

Жер асты суларының табиғи (сыйымдылық) қоры

Жер асты суларының табиғи (сыйымдылық) қоры - табиғи жағдайда таужыныстардағы гравитациялық судың текшеметрмен өлшенетін көлемі. Арынды қабаттарда оған сондай-ақ жер асты суларының серпімді қоры жатады. Серпімді қор осындай сулардың деңгейін судың өзі мен таужыныстардың серпімді қасиетгері есебінен төмендеткенде қалыптасады.

Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі

Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі - жер асты сулары деңгейінің олардың қозғалу жолындағы бөгенге, өзенге, жер асты су өткізбейтін қабатқа тіреліп, жоғары көтерілу белдемі.

Жер асты суларының химиялық құрамының графиктері

— судың химиялық талдамдарын жүйелеу әдістері. Жер асты суларының химиялык құрамын (%-экв-пен алынатын) графиктермен көрсету тәсілдері өте көп. Олардың ішінде ең көп таралғандары: Толстихиннің (1937), Бродскийдің (1953), Сулиннің (1948) график — квадраттары, катиондық және аниондық құрамының ұшбұрыштары (Фере ұшбұрыштары), Дуровтың (1959) қатарланған ұшбұрышты диаграммасы, бағана — диаграммалар, Бродский (1954) үсынған гидрохимиялық кескін, Посоховтың (1961) екі ұшбұрышпен екі квадраттың қиыстырылған графигі және т.б.

Жер асты суларының химиялық құрамасының жіктемесі

Жер асты суларының химиялық құрамасының жіктемесі — жер асты суларын олардың химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамдас бөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық немесе иондық қүрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу. Қазіргі кезде көптеген жіктемелер бар.

Жер асты суларының химиялық түрлері

Жер асты суларының химиялық түрлері — оларды құрайтын аниондар мен катиондар мөлшерінің арақатынасы. Судың химиялық түрін атағанда, ондағы ең көп мөлшерде болатын иондар бірінші айтылады. Сонымен қатар аниондардың атаулары катиондардың атауларының алдында беріледі. Мысалы, құрамы төмендегідей су (мг-экв/%): НС03 - 60, S04- 30, Сl — 10 (аниондар) және Са - 50, Мg - 30, Na - 20 (катиондар) гидрокарбонатты кальцийлі немесе гидркарбонатты-сульфатты кальңийлі-магнийлі су деп аталады. Кейбір жұмыстарда судың химиялық түрінің атауы иондардың аз мөлшерден көп мөлшерге қарай өзгеруі бойынша келтіріледі. Басқаша айтқанда, су қүрамындағы ең көп мөлшердегі аниондар мен катиондар атаудың соңына қойылады.

Жер асты суының деңгейі

Жер асты суының деңгейі - берілген нүктедегі жер асты суының еркін немесе арындык бетінің кез келген салыстыру жазықтығына (мысалы, теңіз деңгейі) қарағандағы орны. Ол тұрақталған немесе тұрақталмаған болуы мүмкін.

Жер асты (грунт) суларының тежеме көтерілімі

Жер асты (грунт) суларының тежеме көтерілімі - жер бетіне жақын жатқан грунт сулары деңгейінің каналдағы немесе бөгеңдегі су деңгейінің өзгеруінің, жер суарудың, қалалар мен ірі өнеркәсіп орындарындағы су құбырларынан судың ысырап болып жерге сіңуінің, көшелерге су себудің және т.б. әсерімен көтерілуі.

Жер астылық гидродинамика

Жер астылық гидродинамика — судың және баска да сұйық заттардың кеуекті және жарыкшақты таужыныстардағы қозғалысы туралы ғылымның салалық бағыты.

Жер астындағы сіңбе сулардың қалыптасу теориясы

Жер астындағы сіңбе сулардың қалыптасу теориясы - жер асты суларының пайда болуын жердің бетіндегі сулардың таужыныстар мен топыраққа сіңуімен және тамшылап енуімен түсіндіретін теория. Қазіргі кезде гидрогеологиялық массивтердегі және артезиан алаптарындағы үстіңгі сулы қабаттардың жер асты суларының негізгі бөлігі осындай жолмен қалыптасатыны анықталды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер