Шаян (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:39, 2023 ж. маусымның 9 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Шаян – Арыс алабындағы өзен.

Географиялық орны

Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандары аумағынан ағады.

Бастауы

Қаратау жотасынан басталып, Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Таңатар, Шаян, Төрткүл ауылдары жанынан ағып өтеді. Одан кейін Бөген су қоймасынан тартылған арық арқылы қайтадан салаланып ағады. Төрткүл ауылы маңында суы жүзім, мақта, т.б. дәнді-дақылдар егуге кеңінен пайдаланылады.

Гидрологиясы

Ұзындығы 138 км, су жиналу алқабы 1500 км2. Аңғары таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен коректенеді. Әрқайсысының ұзындығы 10 км шамасында 90 саласы бар. Көктемде қатты ағын болып, кейде тамызда бір-екі апта иірімдерге бөлініп қалады. Көп жылдық орташа су шығыны Майбұлақ ауылы тұсында 1,93 м3/сек. Археология деректер Шаян өзені алқабын адам баласы палеолит дәуірінен бастап мекен етіп келе жатқандығын айқындап берді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер