Ащысай (өзен, Ырғыз ауданы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:38, 2024 ж. наурыздың 15 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына АщысайШалқар алабындағы Ырғыз өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1150 км2.

Бастауы

Мұғалжар тауының шығыс беткейінен басталып Ырғыз өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Арнасы тар, жиегі тік жарлы. Қар, жауын, жер асты суларымен толығады. Жаздың ыстық айларында құрғап қалады. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Көктем, күз айларында өзен аңғарына мал жайылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер