Сайқырқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Сайқырқұм, Сеңгірқұм — Маңғыстау үстіртінің солтүстігіндегі Бостанқұм мен Ақпан соры аралығында жатқан төбешікті құм.
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының жерінде.
Сипаттамасы
Абсолюттік биіктігі солтүстік-батысында 119 м. Ұзындығы 33 км, ені 10 км-ге жетеді. Ауданы 200 км². Құм төбешіктер (биіктігі 1 — 6 м) өсімдіктермен жақсы бекіген. Оңтүстік беткейі кемерленіп келген. Бұл өңірінде Жабайұшқан қонысы жатыр. Солтүстік-батысында Тереңорпа құдығы бар.
Өсетін өсімдіктері
Жүзгін, жусан, еркек шөп, ақселеу өседі.
Шаруашылық маңызы
Тұзды грунт суы 25 м тереңдікте кездеседі. Қысқы жайылым.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>