Сайқырқұм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайқырқұм, Сеңгірқұм — Маңғыстау үстіртінің солтүстігіндегі Бостанқұм мен Ақпан соры аралығында жатқан төбешікті құм. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының жерінде. Абсолюттік биіктігі солтүстік-батысында 119 м. Ұзындығы 33 км, ені 10 км-ге жетеді. Ауданы 200 км². Құм төбешіктер (биіктігі 1 — 6 м) өсімдіктермен жақсы бекіген. Оңтүстік беткейі кемерленіп келген. Бұл өңірінде Жабайұшқан қонысы жатыр. Солтүстік-батысында Тереңорпа құдығы бар. Жүзгін, жусан, еркек шөп, ақселеу өседі. Тұзды грунт суы 25 м тереңдікте кездеседі. Қысқы жайылым. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сайқырқұм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}