Маңғыстау үстірті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Маңғыстау үстіртіндегі қорымтастар.jpg
Маңғыстау үстіртіндегі қорымтастар

Маңғыстау үстірті - Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігінде.

Жер бедері

Жер бедері солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған көлбеу жазық. Климатының құрғақ континенттік болуына байланысты аридті денудация әсерінен Қарақия (–132 м), Қауынды (–54 м) сияқты теңіз деңгейінен төмен жатқан құрғақ ойыстар жиі кездеседі.

Геологиясы

Маңғыстау үстірті миоцен мен плиоценнің бақалшақты-оолитті әктастарынан түзілген. Мұнайдың, темірдің, фосфориттің, көмірдің мол қоры барланған.

Өсімдігі

Топырақ жамылғысы сор, сортаңды болып келеді. Мұнда бұйырғын, сарсазан тәрізді сораң өсімдіктер өседі. Үстірт жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер