Қазақ радиолары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Компания

«Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіҚазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы және «Classic» радиосын біріктіретін «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамдас бөлігі.

Тарихы

2016 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан» РТРК» АҚ-нан өз алдына «Республикалық радио» ЖШС болып бөлек шығып, серіктестік директоры ретінде Досымбек Қонысбекұлы Өтеғалиев тағайындалды. 2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС болып өзгертілді. Өзгертуде төмендегідей негіздемелер басшылыққа алынды:

  • Атау бір ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосына негізделді.
  • 1921 жылдан бері халықтан өзінің лайықты бағасын алған Қазақ радиосының атауы бүгінде брендке айналды.
  • Серіктестік құрамындағы «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиосы осы Қазақ радиосынан тарады.
  • Атау серіктестіктің «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен бағытының, ұстанған саясатының бір екенін көрсетеді.

Қазір Серіктестіктегі радиолар негізінен тікелей эфирде хабар таратуға көшті. Бұл – тыңдаушымен тығыз байланыста болуға соны серпін берді. «TNS CA, 6+ Казахстан» компаниясының дерегіне сүйенсек, радио тыңдаушылар былтырғымен салыстырғанда 36%-ға, жарнама берушілер 6%-ға, тыңдаушыны айлық қамту көрсеткіші 12 %-ға, радио тыңдаудың минуттық орташа уақыты 22%-ға өскен. Мемлекеттік мекемелердің (министрліктер, әкімдіктер) ресми сайтында да радиоларды онлайн тыңдауға мүмкіндіктер жасалып жатыр. «Қазақ радиолары» ЖШС биыл эфирдегі әлеуметтік, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, сауықтық-көңілашар бағдарламалар үлесін арттырды.

Басшылар

Серіктестікке қарасты радиолар

«Қазақ радиолары» ЖШС өзіне қарасты радиолардың бағыт-бағдарын толық айқындады:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан телерадиокорпорациясы