Еркін Жұмаділұлы Ібітанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:39, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Еркін Жұмаділұлы Ібітанов (4 маусым 1935 жыл, Қарасаз ауылы, Райымбек ауданы - 2 шілде 2009 жыл, Нарынқол ауылы, Райымбек ауданы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1986).

Өмірбаяны

Ұлы жүздің Албан тайпасының Алжан руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

  • Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған. Алғаш Қарасаздағы орта мектепте, одан кейін аудандық халық театрында жұмыс істеген. Аудандық «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1955 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
  • 1956-59 жылдары Нарынқол аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарды.
  • 1959 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аудандық "Хан-тәңірі" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, жауалты хатшы, редактордың орынбасары болды.

Шығармалары

  • 1959 жылы "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланған "Қойшылар" поэмасымен өлең сүйер қауымды елең еткізген.
  • "Қойшылар" (1962)
  • "Арман-әлем" (1983)
  • "Хантәңірі, қайдасың?" (1989)
  • "Қасіретті де қасиетті ғасырым" (2002) атты өлеңдері мен дастандар жинағы жарық көрген.
  • "Елшенбүйрек" (2003)
  • Бірқатар өлеңдері орыс тіліне аударылып, "Сегодняшний день" жинағына енгізілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub