Ілияс Ахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Ілияс Ахметов (1897 жыл Қарағанды облысы, Шет ауданы, 4-ауыл - 1938 жыл) - журналист, зерттеуші. Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан.

  • 1919 жылы Семей педагогикалық курсын бітірген.
  • Еңбек жолын бастауыш қазақ мектебінде мұғалім болып бастаған.
  • Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының жапон бөлімшесін бітірген.
  • Осында оқып жүріп «Еңбекші қазақ» газетінің Мәскеу мен Орынбордағы тілшісі қызметін атқарды.
  • Ахметов 1926-1928 жылдары «Еңбекші қазақтың» тілшісі, бөлім меңгерушісі.
  • 1928-1931 жылдары аймақтық курстың оқытушысы, меңгерушісі (Қызылорда), Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы жұмысшы факультетінде ұстаз әрі Республикалық кітап палатасының қызметкері болды.
  • 1931-1933 жылдары Казпедтехникумда (Ташкент)
  • 1934- 1936 жылдары Мемлекеттік орталық кітапханада (Алматы) қызмет атқарды.
  • Ахметов ұстаздықпен қатар, зерттеу жұмыстарымен айналысты, оқулықтар жазды. 1934 жылы «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы» зерттеу жазды. Жарық көрмеген бұл еңбектің (6,5 баспа табак) қолжазбасы сақтаулы.
  • Ахметов 1936 жылдан бастап саяси қуғынға ұшырап, тұрақ-мекенін, жұмысын жиі ауыстырып отырды. Ақыры 1938 жылдың наурызында тұтқындалып, «Алашорда партиясының құрамында болып, кеңес үкіметін құлатуға бағытталған белсенді жұмыс жүргізді» деген жазамен атылды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Бастама