Асхат Сергеевич Ниязов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:00, 2025 ж. қарашаның 26 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Асхат Сергеевич НиязовҮлгі:Efn (27 маусым 1990 жыл, Омбы, РКФСР)<ref name="elorda" /> — ресейлік және қазақстандық журналист.

Бастапқыда Хабар 24 мемлекеттік телеарнасындағы әкімдер жайлы баяндайтын «Әкімдер» (Үлгі:Lang-ru) бағдарламасы үшін белгілі болған Ниязов кейін тәуелсіз журналист болуға мәжбүр болды да, содан бері «Обожаю» (Үлгі:Lang-kk) YouTube арнасында әкімдер мен жергілікті әкімшіліктегі жемқорлық жайлы видео жасап жүргені үшін белгілі болды.

Өмірбаяны

Асхат Ниязов Омбыда дүниеге келген. Мектепті де, жоғарғы оқу орнындағы оқуын да осы жерде аяқтады.<ref name="elorda">Үлгі:Cite web</ref>

Мемлекеттік телевизиядағы мансабы

2013 жылы Омбыдан Астанаға көшті.<ref name="vlast">Үлгі:Cite web</ref> Кейін мансабын Жетінші арнада бастады, бірақ бастапқыда журналист болмады. Бұдан кейін ол Хабар және Хабар 24 мемлекеттік телеарналарында жұмыс істеген.<ref name="elorda" />

2019 жылы телеарнасы жергілікті әкімшіліктің қалай жұмыс істеп жүргенін көрсететін бағдарлама жасау жоспарлары пайда болды. Оның жүргізушісі болып Ниязов таңдалды да, бағдарлама Акимы (Үлгі:Lang-kk) деп аталды. Ниязов сөзінше, бұл жобаның өмірі екі жарым жылға созылды да, Қаңтар оқиғасына қарай аяқталды.<ref name="elorda" />

Обожаю арнасы

Мемлекеттік телеарналардан кетуге мәжбүр болған Ниязов кейін тәуелсіз арна ашамын деп шешті. Ол «Обожаю» (Үлгі:Lang-kk) деп аталып кетті.

Обожаю ең белгілі сұхбаттарының бірі Даниал Ахметовке сұхбаты еді. Бастапқыда әкім қызметінде 9 жылдай болған Ахметов сұхбат беруден бас тартып жүрген, оны Ниязов үнемі «іздестіріп жүретін». 2023 жылғы маусымда сұхбат сонымен орын алды, алайда күн бойы Ниязовқа Ахметовті қолдаған әйелдер қысым көрсетіп жүрді, ақпаратын жоққа шығарып тұрды. Кейін белгілі болған ақпаратқа сүйенсек, бұл әйелдер Ахметов пен оның қызметкері Денис Рыпаковқа қатысы бар әйелдер болып шықты.

Заңи мәселелері

2024 жылы Ниязов әлеуметтік желілерде биліктің Азаттық радиосының 36 тілшісіне аккредитация берімегеніне қарсы шыққан жазба жасады және осы үшін сотқа тартылды. Ниязов репост жасаған постты бастапқыда ProTenge Telegram арнасы жасаған еді. Сол жылғы 29 сәуірде іс тоқтады. Астана қаласы әкімшілік сотының судьясы істе «құқық бұзушылық құрамы жоқ» деген шешімге келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сотқа келген бастапқы арызды Мәдениет және спорт министрлігі жасағаны белгілі. Бұл арыз жайлы сөйлеген кезінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Ниязовты жалған ақпарат таратты деп айыптады, арыздың сол себептен жасалғанын айтып кетті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылғы 12 қыркүйекте Ниязов Алматы жайлы видео түсіріп жатқан кезінде Алматыда жүрді. Осы кезде оны жергілікті полиция ұстап әкетті де, Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Оны әкім Ерболат Досаевтан тағы бір сұхбат аламын деп «төбелесті» деген айыппен ұстап әкеткені белгілі. Көп ұзамай алматылық полиция оны босатты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Саяси ұстанымы

Жеке компаниялар

2024 жылғы сәуірде Ниязов Air Astana билеттерінің қымбаттығын сынға алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Үкіметке көзқарасы

Ниязовтың Қазақстан президенті Тоқаев жайлы көзқарасы біркелкі бола бермейтін. Бір кезде ол оған Акимы бағдарламасын жасауға көмектескені үшін алғыс айтса, 2023 жылғы қыркүйекте Вадим Борейкоға берген сұхбатында президенттен уақыт өткелі «алыстағанын», оған қойған үмітін жоғалтып жатқанын айтты. Ол, мысалы, Тоқаевтың Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі ретінде тағайындағаны, Даниал Ахметовті әкім лауазымынан алып тастай алмағаны, еш баспасөз мәслихаттарын жасамай жүргені және басқа да істері үшін сынға алды. Оған қарамастан Ниязов Тоқаевтан сұхбат аламын деген ниетін бірнеше рет айтып та жүр.<ref name="giperborei371">Үлгі:YouTube</ref> Бұл сұхбатта ол үкіметпен байланысы бар деген болжамды жоққа шығарды. Өзінің тәуелсіз Обожаю бағдарламасында Ниязов Тоқаевқа қарсы сөз айтып көрмеген.<ref name="giperborei371" />

2023 жылғы қыркүйекте Ниязов Мәдениет және ақпарат министрлігін «жек көретінін» айтты.<ref name="giperborei371" />

Әлеуметтік мәселелер

«Бүкіл қазақстандықтардың қазақ тілін білгені жөн» деген ойға қарсы келмейді, оған түсіністікпен қарайды.<ref name="ruhy" />

Өз өмірі

Ниязов үйленген,<ref name="vlast" /> әйелі — ұлты орыс журналист. 2024 жылғы мамырда некелері ресмиленбей тұрған, екеуінің Амели атты қызы бар.<ref name="ruhy" /> Қазақ тілін оқып жүр. Отаны деп Қазақстанды таниды, ата-аналары әлі Ресейде тұрады.<ref name="ruhy" />

Ескертпелер

Үлгі:Notelist

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер