Даниал Кенжетайұлы Ахметов
Үлгі:Мағына Үлгі:Грамматикасы тексерілсін Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Даниал Кенжетайұлы Ахметов (15 маусым 1954 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, экономика ғылымдарының докторы (2003).
Бұрын Ахметов Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992–1993), Павлодар облысының әкімі (1993–1997), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (1997–1999), премьер-министр орынбасары (1999–2001), Павлодар облысының әкімі (2001–2003), елдің премьер-министрі (2003–2007) және Қорғаныс министрі (2007–2009) болған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ахметов әкімдігі кезіндегі непотизм<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> және нашар қызметі<ref name="kazinform" /><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> үшін Қазақстан саясатында даулы тұлғаға айналды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен әкім (2014–2023) болды.<ref name="kazinform">Үлгі:Cite web</ref>
Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.<ref>Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701</ref> 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.<ref>https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/about/structure/people/312?lang=kk</ref> «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.
- 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген.
- 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
- 1976–1981 ж. — «Павлодар тұрғын үй құрылыс» тресінде мастер, аға прораб.
- 1981–1983 ж. — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы.
- 1983–1987 ж. — «Екібастұз шахта құрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы.
- 1987–1991 ж. — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
- 1992 ж. бастап — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.
- 1993–1997 ж. — Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
- 1997–99 жж. аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
- 1999 ж. қазанынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
- 2001 ж. қарашасынан бастап — Павлодар облысының әкімі болды.
- 2003 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.
- 2003 ж. Мәскеуде «Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.
- Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұз шахта құрылыс» тресінің жетекшісі, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.
- 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.
- 2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.
- 2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО облысының әкімі қызметіне тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019 жылғы 17 маусымда — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.
- 2022 жылдың 3 наурызы — облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынды иеленді. Даниал Ахметовтің көрсеткіші 86% құрады.
- 2022 жылғы 11 маусымда — ҚР Президенті Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымындағы өкілеттігін ұзартты.
- 2022 жылғы 7 желтоқсанда — ҚР Президентінің Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, қайта тағайындауды барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының көпшілігі қолдады.
- 2023 жылғы 16 маусым — Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- 1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже
- 2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже
- «Құрмет белгісі»
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері
- «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008)
Отбасылық жағдайы
Үйленген. Ұлы мен қызы баp.
Дереккөздер
- Павлодар мемлекеттік университеті түлектері
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан премьер-министрлері
- Қазақстан ғалымдары
- Қазақстан экономистері
- Қазақстан қорғаныс министрлері
- Павлодар облысының әкімдері
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімдері
- Шығыс Қазақстан облысының әкімдері
- Екібастұз әкімдері