Жетінші арна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телеарна

«Жетінші арна» астаналық «Эра» телеарнасының негізінде құрылып, 2009 жылдың 9 қыркүйегінен бастап республикалық арнаға айналды. 2010 жылдың соңына қарай телеарнаның эфирлік сигналы Қазақстан халқының 76%-на қолжетімді болды (TNS Central Asia, 2010 ж.).

Тарихы

Эра арнасы 2003 жылы маусым айының 1-ші жұлдызында жалдамалы үйде іске қосылды. Толық жобалау істерін атқару үшін және арналарды жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін Мәскеулік I.S.PA. фирмасымен шарт жасасқан. "Эра" арнасы "Алаш-Медиа" холдингінің құрамында. 2005 жылдан бастап арналардың техникалық департаментінің директоры Александр Дубровин. Ол Қарағанды телевизиялық орталығында аға инженер, бас инженер болып 18 жыл жұмыс істеген. Сол жерде қалалық "5-арнаны" іске қосқан тәжірибелі маман.

«Жетінші арна» әртараптандырылған тарату жүйесіне ие. Эфирден хабар таратумен қатар, «Жетінші арна» «Алма-ТВ», «Digital TV», «Элит ТВ» ID-T, «G Media» секілді аса ірі кабельдік және спутниктік операторлар, сондай-ақ аймақтық провайдерлер топтамаларының құрамына енеді. Қазақстанның 30 пайыздан астам халқы «Жетінші арнаның" эфирлік емес хабарының көрермені қатарын құрайды.

Тек бір жылдың ішінде ғана «Жетінші арнада» Қазақстан бойынша 9 тілшілер қосыны бар пәрменді жаңалықтар қызметі құрылды. «Жетінші арнаның» стрингерлері Мәскеуде, Киевте, Тель-Авивте, Тбилисиде және Бішкекте жұмыс істейді. Жаңалықтар мен, ақпараттық бағдарламалар рейтинг бойынша жаңалық бағдарламалары арасынан алдыңғы үштік қатарынан тұрақты түрде орын алып келеді.

2011 жылдың қаңтарында «Жетінші арна» өз аудиториясын кеңейту және отандық ойын-сауық бағдарламаларын, телехикаялардың жаңа қойылымдарын, көпшілікке танымал теле- және кинофильмдерді дамыту жағына баса көңіл аудару жөнінде шешім қабылдады. Жаңа стратегияда, әсіресе, сапалы телехабарлар таратудың әлемдік стандарттары бойынша шығарылған эксклюзивтік ұлттық контент хабарын таратуға аса үлкен назар аударылады.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>

Хабарлары

Егер Сіздің үйіңізде спутникпен қабылдайтын антенна орнатылған болса «Жетінші арнаны» NSS 12 спутнигі арқылы тегін көре аласыз. Біздің телеарна хабарлары NSS 12 спутнигі арқылы ашық жүйеде таратылады.

Спутник: NSS 12 (57 в.д.)

Жиілігі: 11174 МГц

Транспондер: CAH4

Полярлау: көлденең

Белгі: MPEG 4/DVB-S2/8PSK

FEC: ¾

SR: 1.255 Мсимв/сек

Диапазон: Ku

Жобалар

Тың туындылуар

  • Жұлдыздар фабрикасы

«Жетінші арна» «Жұлдыздар фабрикасы» немесе «Фабрика звёзд» баршаға танымал музыкалық жобаның шығарылатыны жайлы хабарлайды.

  • IT-портал

«IT- портал» — жоғары технологиялар саласындағы әлемдік үрдісті бақылап отыратын, барлық жаңашылдық пен түсініксіз дүниеден қымсынбайтын, уақыт, ағымымен қатар жүретіндерге арналған жоба.

  • Профессиональный разговор

Танымал экономист Жаннат Ертілесованың ғалымдар, құзырлы сарапшылар мен аналитиктер, кәсіпкерлер және қоғам қайраткерлерімен экономикалық даму, заманауи үрдістің сараптамасы және әлеуметтік-экономикалық өмірдегі жағдайлар туралы кәсіби әңгімесі.

  • Жар-Жар

«Жетінші арна» және «Жар-Жар» бағдарламасы «Гүлнар» қазақстандық танымал туристік операторымен бірлесе отырып «Жетіншімен бірге жарасымды жұпты таңдаңыз» байқауын жариялайды!

  • Не? Қайда? Қашан? (Что? Где? Когда?)

«Жетінші арна» - 35 жыл қатарынан эфирге шығарылып отырған және әртүрлі саладағы аудитория арасында айтусыз танымалдыққа ие болған, зияткерлік викторина символына айналған жаңа Не?Қайда?Қашан? («Что? Где? Когда?») зияткерлік жобасының шығарылатыны жайлы хабарлайды.

  • Comedy Club KZ

«Comedy Сlub KZ»- танымал ресейлік форматта бейімделген әзіл-оспақ шоуы. Comedy Club -2005 жылы КВН командасы құрған stand-up comedy жанрындағы шоу болып табылады.

  • Кинопарковка

Кино көру демалудың өте танымал түріне айналуда, сондықтан «Кинопарковка» бағдарламасы кино талғампаздарын әлем, ел және қаладағы барлық кино әлеміндегі оқиғалар жайында ақпараттандарады.

  • Қырық Миллион Теңге Шоуы

«Қырық Миллион Теңге Шоуы» – қазақстандық телевидение үшін теңдесі жоқ бағдарлама. Бұл бағдарлама - бір жыл ішінде 11 елде көрермендер ықыласын жеңіп алған Endemol The Money Drop форматының бейімделген нұсқасы.

Ақпараттық бағдарламалар

  • Таң

Жұмыс күндері сағат 7:30-дан 8:30-ға дейінгі аралықта «Жетіншінің» ақпараттық хабар тарату кестесін «Таң» және «Утро» бағдарламалары ашады.

  • Жаңалықтар

«Жаңалықтар» және «Новости» — «Жетінші арнаның» басты, ы.

  • АРНАЙЫ ЖОБА

«Жетінші арнада» АРНАЙЫ ЖОБА. Әр жұма сайын сағат 19.30-да деректі фильмдердің, арнайы репортаждар мен журналисттік тергеулердің алғашқы көрсетілімін ұсынамыз.

  • Нысана

Ақиқат кей жағдайда ашық айтыла бермейді, бірақ бізге тосқауыл жоқ. Бүгінгі саясат, ел тағдыры, халық болашағы, әртүрлі пікірлер мен дискуссиялар - мұның барлығы «Нысана».

  • Другими словами

Бағдарламаның ерекшелігі: міндетті түрде талдау элементтерімен ұштасатын журналистикалық тергеу жанырындағы қорытынды бағдарлама. Бағдарлама апталық ақпараттың қорытындысы бойынша басты мәліметтер, құбылыстар, тенденциялар жайында, ақпараттандырады.

Ойын-сауық бағдарламалар

  • Смехопанорама

«Смехопанорама» 1994 жылдың қаңтарынан бастап шығарыла бастады. Бағдарлама- жалпы және жекелей эстрада сықағы туралы, біздің күнделікті өміріміздегі әзілдің алар орны мен қызметі жайында баяндайтын қызықты өнертану стиліндегі әңгіме болып табылады.

  • Измайловский парк

Ол ұшақ құрастырушы болар еді, бірақ адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды жөн көрді.

  • Субботний вечер

Бағдарлама әйгілі «Голубой огонек» бағдарламасын еске салады, отандық поп-орындаушыларының үздік әндері эстрадалық әзілмен үйлеседі.

  • My Restaurant rules (Бесеудің бәсі)

Сіз мазаңызды алатын басшыңыздан және шексіз жұмыс шырмауынан арылуды армандайсыз ба?

  • Supersize vs Superskinny (Салмақ пен қаңбақ)

Тәбеті тартқан астан жалтармау немесе өзіне тамақтануда шектеу қою — қайсысы дұрыс жол?

  • Make me a supermodel (Сән сайысы)

Көптеген қыздар мен жігіттер модельдік карьера жайында армандайды. Олардың ойынша бұл байлық пен танымалдыққа жетудегі жеңіл жол.

  • Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)

«Менің баспанам- менің қорғаным» тұрақты түрде әділ тұжырым бола алмайды. Кейбір кезде баспанамыз қалтамыз көтере бермейтін жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

  • Убойной ночи

«Убойной ночи» — бұл тамаша қойылымды әзіл-оспақ шоуы. Жүргізушісі- танымал әзілкеш Павел Виноградов. «Убойная Лига» бағдарламасының қатысушылары адамдарды толғандырған және блогтарда жиі қарастырылатын өзекті мәселелерді талқылайды.

  • О самом главном

«Жетінші арнада» әр сейсенбі мен жұма аралығында таңғы уақытта «Ең басты байлық«- денсаулық жайында айтылады.

  • Әр кім ас әзірлей алады (Готовить может каждый)

«Жетінші арна» эфирге жаңа жоба- «Әр кім ас әзірлей алады» аспаздық шоуын шығарады.

Көркем фильмдер

  • «Черная орхидея» (Қара орхидея)

40-жылдардың соңы. Екі полицейлік, қараусыз алаңқайдан табылған, мәйіті бөлшектелген голливуд актрисасының қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты істі тергейді.

  • «Распутник» (Зинақор)

Сарай маңындағы жағымпаз, аты шулы зинақор, ақын Джон Уилмот, Рочестер графы туралы әңгіме.

  • ПИТЕР ФМ

Маша — питерлік танымал радио диджейі, Максим — жас архитектор. Маша бұрынғы сыныптасы Костямен үйлену тойына дайындалуда, ал Максим халықаралық архитекторлар байқауының жеңімпаз атанып, Германияда жұмыс істеуге шақырту алады.

  • Никто не знает про секс – 2 (Секс жайында ешкім білмейді-2)

Фильмнің екінші бөлімі Кеша және Шишко есімді жасөспірімдер жайында. Бұл жолы олар No Sex экстремалды-сексуалды реалити-шоуына қатысу үшін, 2014 Қысқы Олимпиада ойындары астанасынана аттанады.

  • Ганнибал

Он жылдан кейін, мазасыз үнсіздіктен соң данышпан Ганнибал Лектер ФБР агенті Клариса Старлингке, үзілген зияткерлік жекпе-жекті жалғастыруды ұсынған хат жолдайды.

  • 24 часа (Сенатор) (24 сағат)

Кәсіпқой банда құнын төлем арқылы босату мақсатында кепіл адамдарды ұрлаумен айналысады. Алайда, олардың алғашқы төрт операциясы басты соққы алдындағы дайындық.

  • «Никто не знает про секс» (Секс жайында ешкім білмейді)

Шет аймақта тұратын Егор есімді жас жігіт ойламаған жерден тележүргізуші Ангелинамен танысып, Мәскеуге үйленуге аттанады. Егорға астаналық өмір қарқынына үйрену қиынға түседі.

  • «Гибель Империи» (Империяның күйреуі)

Ғалымдар жағымсыз қорытындыға келді- Жапонияны болуы даусыз зілзала күтуде. Жуырдағы қырық жылда Жапон топаралы орналасқан тектоникалық плитканың біртіндеп ауысуы әсерінен Күн шығыс елі су астына кетеді.

  • «Богатая Маша» (Дәулетті Маша)

Маша, алыс түпкірдегі қалашықта сылақшы болып жұмыс істейтін қарапайым, сыпайы бойжеткен. Маша өзіне көңіл аудармайтын, серіктес қыздар Юлия мен Раисаға шексіз ғашық сымбатты-бригадир Сереганы сырттай үнсіз ұнатады.

Телевизиялық фильмдер

  • С приветом, Козаностра

Марияның шырт мінезі оның барлық таныстарына мәлім. Оған Козаностра лақап атының қойылуының өзі тегіннен-тегін емес.

  • Мой ласковый и нежный мент

Алыс тайгадағы қорықта Людмила есімді жас әйел жұмыс істейді.

  • Кукушка (Көкек)

«Көкек» атауы өз балаларын тастайтын әйелдерге қойылатын атау. Фильм кейіпкері-де осындай атауға лайықты: екі сәбиін алаңсыз өмір іздеу жолында тастап кетеді.

  • Доброволец (Ерікті адам)

Тирдың алдында өмірде екі жолды таңдау тұр: нашакурьер кәсібін таңдап қомақты, ақша иелену немесе офистік жұмысты таңдап институтқа түсу.

  • Девять признаков измены (Опасыздықтың тоғыз белгісі)

Жас жұбайлар Оля мен Коля, әйелдерге арналған журналдағы «Опасыздықтың тоғыз белгісі» атты мақаланы оқығаннан кейін еріксіз бір-бірін опасыздыққа күдіктене бастайды.

  • Женщина-зима

Полина Мороз — «Завидово» селосының ең беделді адамы. Ол табиғатынан дәрігер, жұмысынан айрылғаннан кейін қалаға жұмыс істеуге кетуіне әбден болар еді, бірақ Полина көмегіне әлдеқайда зәру...

  • Три полуграции

Жас үш құрбы қыздар — аса сұлу Алиса, сырлы Соня және арманшыл Наташа Сочи жағалауында серуендеп жүріп, бойжеткендерді «жартылай сұлулар» деп атаған оғаштау көрінген қартты жолықтырады.

  • «Даже не думай» (Тіпті ойлама да)

Бас кейіпкерлер Марио, Ник және Белый — жұмыссыз актёр, спортшы және және бенепрокат жұмыскері, олар жас, жігерлі және көңілді жігіттер. Қылмыс әлемінің өз заңдылығы бар, алайда жігіттердің ісі әрдайым оңынан түседі.

  • Королева льда

Ирина Семенова — Ресей федерациясының мәнерлеп сырғанаудан ең үздік жаттықтырушы.Көпшілік әдемі дәулетті әйелге қызғанышпен қарайды. Өзгелердің бар өмірін сарқ қылып жететін жетістігі Иринаның уысында үйірілген.

  • «Выбор моей мамочки» (Анамның таңдауы)

Нинаның анасы тұрмысқа шығу жайындағы әңгімелерімен өзін-де, қызын да әбден шаршатты. Жұмыстағы әңгіме-де осы жайында- дәулетті күйеу, ойдағыдай тұрмыс құру.

  • «Крупногабаритные» (Ірі габариттілер)

«Мак-Кинли мырзаның сауда желісі» спорт тауарлары дүкенін ашу барысында Бас менеджер ашылған сауда орнының қызметкерлерінің аса ірі габаритті екендігін таңданыспен, аңғарады.

  • Приходи на меня посмотреть

Жаңа жыл қарсаңында үлкен қаланың терезелерінен түрлі-түсті шырша оттары жарқырайды.

  • Так бывает

Кираны баласымен күйеуі тастап кетеді-біздің кейіпкер үшін бұл үлкен қайғыға айналады.

  • Любовь и немного перца

Ларисаға өзін тастап кеткен күйеуі мұраға үш бала мен қомақты көлемдегі қарыз қалдырады.

  • Кровные узы

Апалы-сіңлілі Кристина мен Марина Ушаковалар бір-біріне үнемі алауыздықпен қарайды, олар бала күндерінен бір-бірін жек көретін.

  • Родные и близкие (Туғандар мен жақындар )

Апалы -сіңлілі Ольга мен Татьяна ұзақ уақыттан бері бір-бірінен алшақ тұрады. Ольга — Мәскеуде, ал Татьяна — шет аймақтағы қалашықта.

  • Ромашка, кактус, маргаритка

Кешегі күні Маргаритада барлығы да жақсы еді: ол жақсы жалақы табатын, ал бос уақытын степ биін үйрететін би мектебінде өткізетін. Алайда бойжеткен уайымсыз, алаңсыз өмірдің аяқталғанын түсіне бастайды

  • Сивый мерин (Боз ат)

Қайғылы оқиғалар тыңшы мен жасы келген актерді тоғыстырады. Кораблевтің бұрынғы әйелі адам қолынан қаза болады. Алайда оны өлтірген кім?

  • Смокинг по-рязански ( Рязандық үлгідегі смокинг)

Галушкинодағы сұлулар сайысынан жеңіп шыққан Инна жоғары мода әлемін бағындыру үшін Мәскеуге аттанады. Мәскеулік модельдер үйінде «мисс Галушкиноны» бірден ығыстырып жібереді.

  • Только вернись (Тек қайтып орал)

Жасөспірім шағында қылмыстық түсік жасаудан кейін аман қалған, балалар емханасының жас медбикесі Юлия күтпеген жерден Михаил есімді көрікті еркекпен танысады.

Сериалдар

  • Дыши со мной (Менімен тыныста)

Баққыты жар және әке, математика профессоры Игорь көрікті, әрі өз-өзіне сенімді Каринаны (Наталья Рудова) көргеннен бастап, оған ессіз ғашық болады. Ессіз, дәл алғашқы махаббаттай.

  • Телесериал «Ефросинья»

Ефросиня тікұшақ апатынан аман қалып, тайгада өседі. Прохор мен Палина оны адамдардан және өркениеттен алыс жағдайда, Құдайшылық пен тайга заңдары бойынша тәрбиелеп өсіреді.

  • Настоящая жизнь

«Настоящая жизнь» докудрамасы деректі кино және ойын драмасының көркемдік синтездеу әдістерінен құралған. «Настоящая жизнь» топтамасындағы әр фильм -шынайы оқиғаға негізделген өз алдына жеке дара тарихи оқиға.

  • Даша Васильева «Жеке тыңшылық әуесқойы» (Даша Васильева «Любительница частного сыска»

Даша Васильева, мәскеулік жоғарғы оқу орнының қарапайым оқытушысы зор мұраға ие болып, бала-шағасын және мысықтарын алып Париж маңындағы елді мекендегі жекежайға көшеді.

  • ЧеркиЗона-бір жолғы адамдар (ЧеркиЗона – одноразовые люди)
  • Теңіз сақшылары (Водяные крысы)

Сидней теңіз полициясы отрядының жұмысы жайындағы сериал.

  • Жұмақ нұры (К востоку от рая)

Оқиға 60-жылдары Канвон шеткі аймағының Хванчхи шахтерлер қалашығында басталады. Син Тхэхван кедей жетім жігіт болғанымен өз алдына мақсат қойған менменшіл жігіт.

Балаларға базарлық

  • Наруто

«Наруто» сериалында академияны енді ғана тамамдаған және байлам түріндегі «куәлік» алған жас ниндзялар жайында сыр шертіледі.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Телерадио