Айілгек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айілгек - әйелдердің камзол, шапан тәрізді үй киімдeрі мен сырт киімдеріне тағатын мүйізден әшекейленіп жасалған, ай орағына ұқсас, көлемі баланың саусағындай сүйектен жасалған түйме түрі. Айілгекті малдың, аңның бақалшық, жіліншік сияқты шыны (қатты) сүйектерін тазалап алған соң, сүйекті отқа қыздырып балқыта отырып, иіп, ай орағы пішініне келтіреді. Ұзындығы екі елі шамасында етіп кескеннен соң, екі басын сүйірлеп жіңішкертеді де, қақ ортасынан түйме тағатын тесік шығарады. Мұндай түймелерді сыртқы киімге қадайды және оған арнайы ысылған баудан үлкен етіп түймелік кадайды. Егер сүйек үлкен болса, металдан тойнақ салып, түймелік етіп жасады. Балалар мен қыз киіміне арналған айілгек түймелердің басын күміс қақтап безендірген әсем түрлері бар.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify