Камзол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті қалың матадан, мақпалдан, жібектен, барқыттан, кейде гүлді мақпалдан, атластан (жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Камзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі металл, яғни күміс қапсырмалар тағылады. Камзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Негізінен, бір түсті қоңыр матадан, ал жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті матадан тігеді. Етегі, әдетте, кең болып келеді. Камзол алдынан түймеленеді. Ер адамдар киетін Камерундың көбісі безендірілмеген. Камерун – үйде киетін киім. Үйден аттанар кезінде ер адам оның сыртынан басқа киімін киеді. Камерун – 18 – 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Камзол киімі туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қазақстанның әр облыстарында әр түрлі аталады. Көбінесе пешпент немесе камзол дейді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Камзол|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}