Шапан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШапанҚазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шапан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}