Жеті қазына

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Stamp of Kazakhstan 143.jpg
Қазақстан пошта маркасы
Сурет:100 Tenge Qumai Tazy.jpg
2020 жылы Жеті қазынаға арналып шығарылған тиындардың бірі

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  1. Ер жігіт;
  2. Сұлу әйел;
  3. Құмай тазы;
  4. Берен мылтық;
  5. Жүйрік ат;
  6. Ақыл-білім;
  7. Қыран бүркіт.

Басқа нұсқалар

Жеті ырыс

Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

  • 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
  • 2) Денсаулық, яғни дененің саулығы;
  • 3) Ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;
  • 4) Бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;
  • 5) Көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;
  • 6) Жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;
  • 7) Ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.

Ислам дінінде

  • Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;
  • Бақ – ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;
  • Ақыл— байлық пен бақыттың тірегі;
  • Денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;
  • Ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;
  • Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;
  • Ит – Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.

Басқа халықтарда

Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:

  • 1) Көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
  • 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
  • 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
  • 4) От. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
  • 5) Су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
  • 6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
  • 7) Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify