Көбенқұйрық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
07:46, 2019 ж. тамыздың 27 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Көбенқұйрық (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Негізінен Батыс және Орта Азияда кездесетін 600-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерінде кездесетін 56 түрі бар. Сабақтары жалаң немесе бұтақты. Шеті иректелген, тұтас жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері қос жынысты, аталық жіпшелері бос жатады, тозаңқаптары түтік тәрізді өседі. Себет гүлдері қалқанша, сыпырғы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді ұзынша келген. Кейбір түрінің тұқымында айдаршасы болады. Көбенқұйрықтардың 21 түрі – Қазақстанда сирек өсетін өсімдіктер. Олардың ішіндегі өте сирек кездесетіні жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген түрі – ірі жапырақты Көбенқұйрық (C. grandіfolіa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сүректенген тамыры болады. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанып келеді. Ірі жапырағының ұзындығы 40 см, ені 20 см-дей. Сары гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұзынша келген, сырты тегіс, қара қоңыр дақтары болады. Ірі жапырақты Көбенқұйрық Ақсу - Жабағылы қорығында қорғалады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref><ref>Красная книга Казахстана, А.-А., 1981. Ж. Қожантаева</ref>

Түрлері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер