Қаратау көбенқұйрығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қаратау көбенқұйрығы (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, көбенқұйрық туысына жататын көп жылдық, сирек кездесетін эндемик өсімдік. Қазақстанда 60 жуық туысы бар. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауында таралған. Бұл биік ( 120 см дейін ), шөптесін көпжылдық. Жуан ағаштанған тамырлы. Ұзына бойына бұтақтанған. Кең қалқан тәрізді босаң сыпыртқы құрайды. Сабақ түбіндегі жапырақтар ерекше шоқталып тұрады. Жапырақтардың үстіңгі жағы ашық жасыл, астыңғы жағы қалың өрмекшінің торындай түктен ақ түсті болып көрінеді. Гүл себеттері орташа көлемді, ені 1 см, жұмыртқа пішінді, орақ тәрізді артқа қайырылған, тікенді жұқа жапырақ орамдарымен. Гүлдерінің бәрі бірдей. Түтікті қос жынысты. Ашық сары түсті, орамнан ұзара шығып тұрады. Көбенқұйрық ұзақ гүлдейді, маусымнан тамызға дейін, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Тұқымдары барынша ірі, ұзындығы 0,5 см, сұр, ұшында болымсыз тістері бар, айдарсыз. Жапырағы және жас сабақтарын жабайы және үй жануарлары азық етеді. Мәдени түрде зерттелмеген. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>