Вавилов көбенқұйрығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Вавилов көбенқұйрығы (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасының көбенқұйрық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қырғыз Алатауының батысында 1700 – 2000 м биіктікте өседі. Биіктігі 50 – 70 см-дей. Сүректенген тамыры бар. Сабағы тік, жіңішке, етжең жапырағының ұзындығы 15 – 20 см, ені 5 – 6 см-дей болады. Гүлі ақ, түтік тәрізді, гүл тозаңдары қара қошқыл түсті, себет гүлшоғырына топталған. Аралар арқылы тозаңданады. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Тұқымынан көбейеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 6 мм-дей күңгірт, көлденең қара жолақты болады. Вавилов көбенқұйрығы өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вавилов көбенқұйрығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}