Ыстанбұл
Үлгі:Елді мекен Ыстанбұл (Үлгі:Lang-tr), ертеде Византий, кейіннен Константинополь — Түркияның аса ірі қаласы, ірі сауда, өнеркәсіп пен мәдениет орталығы, елдің басты портты қаласы. Бір-бірімен көпірлер және туннельдер арқылы байланысып тұрған, оны еуропалық (негізгі) және азиялық бөліктерге бөлетін Босфор бұғазының жағалауларында орналасқан. Ыстанбұл халық саны 15 миллион адам, бұл Түркия халқының 19%-ын құрайды.<ref>https://data.tuik.gov.tr/Bulten/Index?p=The-Results-of-Address-Based-Population-Registration-System-2021-45500&dil=2 Түркия Статистка Институты (ағылшынша). 31 желтоқсан 2021.</ref>
Халық саны бойынша Еуропа тарихындағы алғашқы миллионер-қала. Рим, Византия, Латын және Осман империясы империяларының бұрынғы астанасы.
Мазмұны
Географиясы
Ыстанбұл төбелі жерде Түркияның солтүстік-батысында орналасқан. Қаланың ауданы — 1 538,77 км². Координаттары — Үлгі:Coord. Ыстанбұл Босфор бұғазының үстiнде жатыр.
Әкімшілік бөлінісі
Тарихи аудандары
Ыстанбұлдың Еуропадағы тарихи аудандары: Айвансарай, Ақсарай, Байрампаша, Бақыркөй, Балат, Бебек, Бешікташ, Беязыт, Ғазиосманпаша, Галата, Долмабахче, Йешілкөй, Зейтінбұрны, Кяғытхане, Қапалы Чаршы, Вефа, Джибали, Зейрек, Қабаташ, Қасымпаша, Лалелі, Ортакөй, Пера, Сарыйер, Сұлтанахмет, Сулыкуле, Тақсим, Фатих, Фенер, Шұқыржұма, Шишлі, Еминөңі, Эйүп.
Ыстанбұлдың Азиядағы тарихи аудандары:
- Қадыкөй
- Үскідар
- Istiklal str. Istanbul - panoramio.jpg
Ыстанбұлдың бас сауда көшесі — Истикләл
- Taksim monument and mosque.jpg
Тақсим алаңы
- Constantine Obelisk.jpg
Сұлтанахмет алаңы
- View of Levent financial district from Istanbul Sapphire.jpg
Левент ауданындағы тұман
Климаты
Ыстанбұл субтропиялық ауа райының аймағының шетiнде орналасады, дегенмен сонымен бiрге солтүстiктен ызғырықтардың ықпалы бар. Ыстанбұлда қыстыгүнi орташа температура +3°C және 9°C аралығында. Қыс салқын және дымқыл. Ыстанбұлда жылына температураның 0°C төмен көрсеткіші орта есеппен 21 күнді құрайды. Әр жыл сайын қар жауады. Ауа-райы бойынша жазғытұрым және күз жағымды жұмсақ, бiрақ температураның күрт өзгеруіне бейім. Ыстанбұлда жазды күнi салыстырмалы ыстық, орташа температура 19°C-ден 28°C-ге дейін, ауаның тым ылғалдыл кезеңдері кездеседі. Қалада аптап ыстық сирек және температура өте сирек 35°C және одан жоғарыға жетедi. Орта есеппен 850 мм жауын-шашын түседі, негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын бір жылда 123 күнге сәйкес келеді. Қала 2000 астам күн сағатын алады. Жылдық орта мөлшердегi салыстырмалы ылғалдық әрдайым жоғары, орташа 71% шамасында.
| Ай | Ыстық | Суық | Жаңбырлы күндер | Ашық аспанды күндер | ||
|---|---|---|---|---|---|---|
| орта | Абсолют | орта | Абсолют | |||
| Қаңтар | 9 | 19 | 3 | –13 | 18 | 2.6 |
| Ақпан | 9 | 24 | 2 | –16 | 15 | 3.3 |
| Наурыз | 11 | 27 | 3 | –11 | 14 | 4.4 |
| Сәуір | 16 | 33 | 7 | –2 | 9 | 6.6 |
| Мамыр | 21 | 34 | 12 | 2 | 8 | 8.9 |
| Маусым | 26 | 37 | 16 | 6 | 5 | 10.8 |
| Шілде | 29 | 39 | 18 | 11 | 4 | 11.7 |
| Тамыз | 29 | 41 | 20 | 10 | 3 | 11.3 |
| Қыркүйек | 25 | 38 | 15 | 6 | 6 | 8.5 |
| Қазан | 21 | 33 | 12 | 3 | 10 | 6.2 |
| Қараша | 15 | 27 | 9 | –7 | 13 | 4.6 |
| Желтоқсан | 11 | 22 | 5 | –12 | 17 | 2.3 |
Өнеркәсібі
Ыстанбұлдың дамыған әртараптандырылған саласы бар. Экономика негізінен машина жасау, соның ішінде кеме жасау, химия, цемент, тамақ, жарық, баспа, электрлік, ағаш өңдеу, қағаз және шыны өнеркәсібі, сауда және туризмге негізделген. Сонымен қатар, зәйтүн майы, темекі, көлік құралдары, электроника және т.б. Экономиканың негізінен жоғары қосылған құны жоғары тауарлар өндіретініне қарамастан, көптеген аз құны қосылған тауарлар белсенді түрде шығарылып, одан да көп көрінеді. Бұл кәдесыйлар, түрік тәттілері, орташа сапалы киім, ұлттық костюмдер және тағы басқалар. Жалпы қалалық ЖІӨ-нің 26%-ы ғана болса да, олардың 80%-ы экспортқа тиесілі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Галерея
- Istanbul asv2020-02 img45 Hagia Sophia.jpg
- Istanbul Topkapi Sarayi.JPG
Топкапы сарайы
- Basilica Cistern after restoration 2022 (11).jpg
Еребатан цистернасы
- Istanbul asv2020-02 img53 Maiden's Tower.jpg
Қыз мұнарасы
- Twierdza Rumeli Istambuł RB1.jpg
- Istanbul asv2021-11 img40 Grand Bazaar.jpg
- Istanbul asv2020-02 img02 Tünel Karaköy station.jpg
Тоннель
- Kadiköymodadtrassenbahn.jpg
- Sultanahmet Camii.jpg
Сұлтанахмет мешіті
- Car bed kap deu1.jpg
Феодосий қабырғалары
- Mosques in Istanbul at dusk.jpg