Айтақын Мұхамедиұлы Бұлғақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:28, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айтақын Бұлғақов (19.01.1960 жыл Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылы) – суырыпсалма айтыскер ақын, сөзге жүйрік қазақ ақыны<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.
Шыққан тегі – Суан руы.<ref>http://qamba.codeo.kz/site/book/online/qashaghan-sozding-dulduli-ghylymi-maqalalar-men-arnaw-olengder-zhane-aitys-matini/content/content_51.xhtml/ Үлгі:Webarchive</ref><ref>http://46.165.252.224/m/kitap_kk.php?id=5540&oku=38032Үлгі:Deadlink</ref><ref>http://g.engime.org/arnau-oleder-estelikter-zertteu-shifarmalari-arnau-oleder-este.html?page=10 Үлгі:Webarchive</ref>

1990-96 жылдары Талдықорған облысы қазақ тілі қоғамында, тіл комитетінде, 1996-97 жылдары Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясында қызметтер атқарған.

Айтыскер ақын ретінде алғаш 1986 жылы Қазақ радиосының "Ұшқын" бағдарламасы ұйымдастырған "Әуе толқыны" айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. 2001 жылы Семей қаласында өткен Тәуелсіздіктің 10 жылдығына, 2002 жылы Аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған республикалық айтыстарда 1-ші орынды иеленген.

Бүгінге дейін 200-ге жуық республикалық халықаралық айтыстарға қатысқан. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" фильмінде (режиссері–А. Әшімов, 1993) бақсы рөлін сәтті сомдаған. 2000 жылы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның көркемсөз оқу шебері.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала