Айтақын Мұхамедиұлы Бұлғақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтақын Бұлғақов (19.1. 1960. Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылы) – айтыскер ақын.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. 1990-96 жылдары Талдықорған облысы қазақ тілі қоғамында, тіл комитетінде, 1996-97 жылдары Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясында қызметтер атқарған.

Айтыскер ақын ретінде алғаш 1986 жылы Қазақ радиосының "Ұшқын" бағдарламасы ұйымдастырған "Әуе толқыны" айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. 2001 жылы Семей қаласында өткен Тәуелсіздіктің 10 жылдығына, 2002 жылы Аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған республикалық айтыстарда 1-ші орынды иеленген.

Бүгінге дейін 200-ге жуық республикалық халықаралық айтыстарға қатысқан. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" фильмінде (режиссері–А.Әшімов, 1993) бақсы рөлін сәтті сомдаған. 2000 жылы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның көркемсөз оқу шебері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}