Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:18, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар23 қазан 2003 жыл) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.<ref>Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан</ref>

Білімі

Қызмет жолы

  • Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударды.
  • 1990 жылы “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.

Фильмдері

Аударған фильмдері

  • “Варяг крейсері”
  • Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті.
  • Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде
  • “Автомобильден сақтаныңыз”
  • “Гамлет”
  • “Нақұрыс”
  • “Король Лир”
  • “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар.

Түсірген көркем фильмдері

  • “Даладағы қайың” (1957)
  • “Мазасыз көктем” (1958)
  • “Дауыл” (1959)
  • “өмір жолы” (1960)
  • “Алматы көктемі” (1962)
  • “Найзатас бөктерінде” (1969)
  • “Ақын арманы” (1986–1987, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдері

Түсірген деректі фильмдері

  • “Сераға” (1974)
  • “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы)
  • “Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы)
  • “Тер сіңген жер” (1991)
  • “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген.

Кітаптары

  • “Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала