Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).
Мазмұны
Өмірбаяны
Білімі
- Алматы киноактерлер мектебін (1947) бітірген.
- Бүкілодақтық мемлекеттік кино институтын (1958, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында) бітірген.
Қызмет жолы
- Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударды.
- 1990 ж. “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.
Фильмдері
Аударған фильмдері
- “Варяг крейсері”
- Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті.
- Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде
- “Автомобильден сақтаныңыз”
- “Гамлет”
- “Нақұрыс”
- “Король Лир”
- “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар.
Түсірген көркем фильмдері
- “Даладағы қайың” (1957)
- “Мазасыз көктем” (1958)
- “Дауыл” (1959)
- “өмір жолы” (1960)
- “Алматы көктемі” (1962)
- “Найзатас бөктерінде” (1969)
- “Ақын арманы” (1986 — 87, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдері
Түсірген деректі фильмдері
- “Сераға” (1974)
- “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы)
- “Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы)
- “Тер сіңген жер” (1991)
- “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген.
Кітаптары
- “Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}