Бұзау жабу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:09, 2012 ж. тамыздың 19 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету
Бұзау жабу - жаңа туған бұзауды суықтан қорғау үшін пайдаланылатын жабын түрі. Бұзау жабуын киюге немесе қолданысқа жарамай қалған ескі тон, шапан, ішік, төсеніш, сырмақтан жасайды.
Егер ескі киімнен тігер болса, дәстүрлі наным-сеніммен киімнің жағасын, жеңін сөгіп алып, қалған жерін ғана іске жаратқан. Жабудың бұрыштарына ұзындығы үш-төрт қарыстай бау тағылады. Бұзаудың жонын, сауырын, екі бүйірін қымтайтын жабу осы баулармен байланады. Жазғытұрымғы шақта аурушаң әлжуаз бұзауларға байлайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>