Тон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  1. Қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді.

Терінің иі әбден қанған кезде жүн жағын жуып тазартады да, тақыр бетіндегі идің қалдығын қырып тастайды. Осыдан кейін оны уқалап жұмсартады.

Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні және тігісі ішіне қарайды. Оның тақыр бетін бояумен, қарағайлық қабығы және рауғаштың ніліне бояйды. Бұл тонның сыртының кірлемеуі үшін керек. Тонның қазақ даласында таралған негізгі екі үлгісі болған. Оның бірі — тік тон, екіншісі — бүрме тон. Тік тонның екі өңірі мен артқы бойы шапан, күпі сияқты тұтас пішіп алынады. Ал, бүрме тонның екі өңірі мен артқы бойы кеуде және етектері бөлек пішіледі. Оның кеудесі мен етегін қусырады да, одан соң етегін кеудесіне бүріл қондырады. Етегі кеудесіне қарағанда кең етіп пішіледі. Тонның белінде бүрме шығатындықтан, оны «бүрме тон» деп атаған. Бүрме тон тік тонға қарағанда сәнді болады. Тонға елтіріден, сеңсеннен, кейде аң терісінен жаға салып, етегі мен өңірін, жеңінің ұшын елтірімен жұрындайды. Тонды сәндеу үшін оның екі өңіріне, етегіне, жеңіне жібек жіппен кесте тігіледі. Құлынның тегісінен тігілетін тонды «тайжақы» деп атайды. Тайжақының тігісі іші не қарағанмен, терінің жүні сыртына қарайды. Ол сәнді болу үшін, құлынның жалын тонның арқасына екі жеңнің үстіне келтіріп тігеді. Оған астар салынбайды. Астар салған, арасына мақта не жүн тартқан тайжақыны әдетте тон орнында кие береді. Тонның ең қымбаты «қамқа тон». Бұл тон екі түрлі жолмен тігіледі. Оның бірі «қамқа» деп аталатын жылтыр қара жүнді аңның терісінен түгін сыртына қаратыл тігіледі. Екіншісі алтын, күміс жіптерден (зерлен) тоқылған матадан тігіледі. Бұл тонның екеуі де аса бағалы. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар қой теріеінен сәндел тігілген тондар өндіретін болды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

  1. (Үлгі:Lang-fr, Үлгі:Lang-grc дәлме-дәл - күш түсіру) - бір нәрсеге артық күш түсіру қасиеті. 1) Түстер тоны - нақты бір түстің басқа густерден айырмашылығын білдіретін бояу өңінің басты қасиеттерінің бірі. 2) Белгілі бір объект, фотография, картина, т.б-дағы жарық мөлшері, шырайы. 3) Көркемсурет шығармасындағы (бір бөлігіндегі) жалпы бояу түстерінің немесе сәуле мен көлеңкенің үйлесімі; қорытып әрі жүйелеп колорит тұтастығын тудыратын негізгі рең.
  2. (Үлгі:Lang-grc - дауыс көтеру, тон, екпін) - 1) белгілі биіктіктегі дыбыс; музыкалыкдыбыс. Тон акустиканың заңдылықтарына негізделіп, күрделі спектрден құралады. Тонның қосымша дыбыстардан ерекше бөлініп, көтеріңкі, басым шығуы оның дыбыс тербелісінің жиілігне байланысты. 2) Интервальдың мөлшерін анықтайтын өлшем. Музыкада Тонның нақтылы көлемі дыбыс жүйесіне, музыка аспаптың дыбыс шығару ерекшеліктеріне байланысты болады. 3) Лад баспалдақтары (қ. Тоника). 4) Аккорд дыбыстары (негізгі, терңиялық, квинталық, септиалық т.б. Тондар). Қ. Үшцнділік, Аккорд.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}