М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:45, 2026 ж. сәуірдің 24 кезіндегі Rasulbek Adil (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғылыми ұйым

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Бұл институт қазақ фольклортануы, әдебиеттануы және өнертану ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша іргелі зерттеулер жүргізетін республикадағы бірден-бір ірі ғылыми орталық.

Негізгі қызмет бағыттары

Институтта ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті мен өнері саласына кешенді талдау жасалады. Зерттеу нысандарына мыналар жатады:

Тарихы

Институттың қалыптасу жолы бірнеше кезеңнен тұрады:

1934 жыл: Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институты ретінде негізі қаланды.

1936 жыл: КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы секторы болып ашылды.

1941 жыл: Тарих, тіл және әдебиет институтының құрамына енді.

1945 жыл: Тіл және әдебиет институты болып қайта құрылды.

1961 жыл, мамыр: Қазақ ССР Ғылым академиясының дербес Әдебиет және өнер институты болып бөлініп шықты.

1961 жыл, тамыз: Институтқа ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді.

1963 жыл: Құрамында М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен арнайы ғылыми бөлім ашылды.

1996 жыл: Музей «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы мәртебесіне ие болды.

Институт құрылымы

Қазіргі уақытта институт келесі салалық бөлімдерден тұрады:

  • Фольклортану бөлімі;
  • Ежелгі және орта ғасырлар әдебиеті бөлімі;
  • Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі;
  • Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімі;
  • Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі;
  • Қолжазба және инновация бөлімі;
  • Музыкатану бөлімі;
  • Театртану және кино бөлімі;
  • Бейнелеу өнері бөлімі;
  • Әуезовтану бөлімі («Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы).

Ірі ғылыми жобалары мен басылымдары

Институт ғалымдары мемлекеттік маңызы бар көптеген іргелі еңбектерді жарыққа шығарды:

  • «Бабалар сөзі» — 100 томдық фольклорлық жинақ;
  • М.О. Әуезовтің 50 томдық академиялық шығармалар жинағы;
  • «Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 том);
  • «Қазақ музыкасының антологиясы» (5 және 8 томдық басылымдар);
  • «Қазақ өнерінің тарихы» (3 том);
  • «Классикалық зерттеулер» (34 том);
  • «Әдеби жәдігерлер» (20 томдық серияның 11 томы);
  • «Ұлы дала тұлғалары» сериясы (Жамбыл, Абай, Күләш, Құрманғазы, Әбілхан Қастеев туралы зерттеулер).

М.О. Әуезовтің институттағы рөлі

Мұхтар Әуезов институттың қалыптасуына тікелей атсалысты:

  • 1943 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер, кейін сектор меңгерушісі болды.
  • 1946 жылы Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелігіне сайланды.
  • Абайтану ғылымының негізін қалап, Абай мұрасын зерттеу бөлімін басқарды.
  • Абай шығармаларының 1933-1949 жылдар аралығындағы толық жинақтарын редакциялады.

Зерттеу бағыттары мен жетістіктері

  • Абайтану: 1991 жылы қайта ашылған Абайтану бөлімінің ғалымдары (З. Ахметов, С. Қирабаев т.б.) Абай мұрасын зерттегені үшін 1996 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
  • Ежелгі әдебиет: XIII-XIV ғғ. жәдігерлері «Оғыз-нама», «Мухаббат-нама» (1986) және А. Иассауидің «Диуани хикмет» (1993) еңбектері ғылыми түсініктемелермен аударылды.
  • Баспасөз тарихы: «Дала уалаятының газеті», «Айқап», «Қазақ» газеттерінің материалдары жүйеленіп, көптомдық болып басылды.
  • Алаш мұрасы: Репрессияға ұшыраған А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов сияқты тұлғалардың еңбектері ақталып, академиялық басылымдары шығарылды.
  • Әлемдік байланыстар: «Жаңа дәуірдегі әлем әдебиеті» монографиясы арқылы 20-дан астам елдің әдеби үдерістері талданды.

Халықаралық байланыстар және Инновация

  • Институт Сорбонна, Вена, Берлин кітапханаларымен байланыс орнатып, қазақ әдебиетін Еуропада таныстыруда.
  • Корей Республикасымен бірлесіп мифтер мен ертегілерді цифрлық сақтау жобасын жүзеге асыруда.
  • 2002 жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі «Әуезов оқулары» халықаралық конференциясы өткізіледі.
  • 2005 жылдан бері Париждегі ISSN орталығында тіркелген «Керуен» ғылыми-көпшілік журналы жарық көреді.
  • Қолжазба және музыкалық мұраларды электрондық және цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Тұлғалар

Институтта әр жылдары қазақ ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері жұмыс істеді: А.Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, З. Ахметов, Р. Бердібай, Ш. Сәтбаева, Ә. Тәжібаев, М. Ғабдуллин және т.б.

Институт басшылығы

Әр жылдары институт директоры болып М.О. Әуезов, М. Базарбаев, Ә. Шәріпов, 3. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ш. Ыбыраев, С. Қасқабасов, С. Қирабаев қызмет атқарды.


Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub