Жамантұз (Ақтөбе облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:19, 2024 ж. ақпанның 11 кезіндегі Xufanc (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Жамантұз — Шалқар көлі алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 178,7 м биіктікте.

Гидрографикасы

Аумағы 5 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2 км, жағалауының ұзындығы 10,5 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, төмендегісі қазан айында байқалады. Кей жылдары тартылып қалады. Суы тұзды, сілтілі, кермек.

Жағалау сипаты

Жағалауы жайпақ келген. Солтүстік-батыстан Тебез көліне құятын Балғасын өзені ағып өтеді. Жағалауында сор өсімдіктері өседі. Оңтүстік-батысынан Шалқар – Ақтөбе темір жолы өтеді.‎