Шалқар (қала)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Шалқар — Ақтөбе облысындағы қала, Шалқар ауданының орталығы (1932 жылдан), темір жол бекеті.
Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 363 км-дей жерде, Шалқар көлінің жағасында орналасқан.
Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 27833 адамды (13981 ер адам және 13852 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Тарихы
Іргесі 1870 жылы қаланған. 1921 жылға дейін Шалқар ауылы, 1922 жылы уезд, 1924 жылы аудан орталығы, 1932 жылы Ақтөбе облысы құрылғанда қайтадан аудан орталығы болды.
Өнеркәсібі
Қаланың өнеркәсіп саласында «Көктас-Ақтөбе», «Жаңа дәуір», «Алай» минералды су құю цехтары, «Ақтөбе-Жаңатас» қиыршықтас зауыты, «Локомотив депосы» шеберханасы, ауданы электр, жылу қуатын, су өндіретін кәсіпорындар бар. Олар 2 ЖШС-ге, ІК және 2 акционерлік қоғамға біріктірілген.
Инфрақұрылымы
Әлеуметтік-мәдени және денсаулық сақтау салалары бойынша Шалқарда жалпы білім беретін 9 мектеп, музыка, спорт мектептері, кәсіптік-техникалық мектеп, мешіт, тарихи-өлкетану музейі, кітапхана, мәдениет үйі, ауданы аурухана мен емхана, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, дәріхана, «Ақниет» ЖШС-і, «Ақбөбек» сауықтыру орталығы тағы басқа мекемелер бар. Қала арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.
Галерея
- Shalkar Myrzaghyl Shymanuly street.jpg
М. Шұманұлы көшесі
- Chelkar depot, 1907.jpg
Шалқар станциясындағы паровоз депосы. 1907 жыл
- Chelkar railway station, 1907.jpg
Шалқар станциясындағы жолаушылар ғимараты. 1907 жыл
- Shalkar Mamedova street.jpg
М. Мəметова көшесі
- Shalkar new mosque.jpg
Қаладағы жаңа мешіт
- Шалқар 13.07.2008.jpg
Шалқар
- Шалқар IMG 20220612 153023.jpg
Шалқар
- Шалқар IMG 20220612 192805.jpg
Шалқар
- Шалқар IMG 20220612 153047.jpg
Шалқар
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Шалқар ауданы елді мекендері