Бөген (өзен)
Бөген – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді.
Бастауы
Қаратау баурайынан бастау алатын Үлкен Бөген (Қаттыбөген) және Балабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап Бөген деп аталады.
Гидрологиясы
Ұзындығы 164 км, алабы 4680 км2. Басты салалары: Шаян, Сасық өзендері. Алабы белесті, еңістеу келген жазық. Жайылмасы 300 — 600 м. Бөген ерте көктемде тасиды. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Қызылкөпір бекеті тұсында көп жылдық орташа ағыны 4,36 м3/с. Төменгі ағысында Бөген бөгені салынған, одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандарының шаруашылықтары егін суаруға, мал шаруашылығына және ауыз суға пайдаланады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref> Бөген - әдетте өзендерде бөгет және бөгесін салу арқылы жасалған суқойма.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>