Ерғазы Аққазыұлы Рахимов
Үлгі:Жазушы Ерғазы Аққазыұлы Рахимов (18 қазан 1938, Қытай Халық Республикасы, Дөрбілжің ауданы, Қорымсу ауылы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref> — 23 қазан 1994, Семей облысы, Аягөз қаласы) — ақын, жазушы. КСРО жазушылар одағының, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Найман іші Қаракерей руының Мұрын тармағы, Малтүгел атасынан шыққан. Әйгілі композитор Тұрсынғазы Рахимов пен атақты ақын Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазының туыс ағасыҮлгі:Дереккөзі келтірілмеген.
Шыңжаң педагогикалық университетінде оқып, ҚазҰПУ-ды бітірген (1973). 1962-94 жылдары Семей облысы, Аягөз ауданында мәдениет бөлімінің қызметкері, автоклуб меңгерушісі, "Алға"-"Вперед" газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алғашында аудандық, облыстық газеттерде басылып жүрген лирикалық өлеңдері, көркем очерктері мен қысқа әңгімелері оқырман қауымды тілінің сонылығымен, ойларының құнарлығымен бірден өлең еткізді. Көп ұзамай республикалық басылымдарда жарияланған туындылары арқылы елімізге талантты ақын, қарымды прозаик, майталман журналист ретінде танылады.
Шығармалары
- "Өкпеті өрендері"
- "Мұңсызбайдың мұрагерлері"
- "Сүрі қар"
- "Тентек келін"
- "Терісайрық" әңгімелер мен повестер жинақтары
- "Зейнел күйі"
- "Жырлайды жүрек"
- "Ымырт пен қобыз" өлеңдер мен дастандар жинақтары әр жылдары жарық көрген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
- Жазушының көлемді ертегілер топтамасы, "Қорымсу" романы мен "Тимучин" повесі көзі тірісінде жарық көрмеді.