Тимур Бимашұлы Сүлейменов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Сәулетші Тимур Бимашұлы Сүлейменов (1943 жылы 14 ақпанда Түркістан облысының Қарабулақ ауылында туған - 2018 жылы 10 мамырында Алматыда қайтыс болған) - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Халықаралық өнер академиясының академигі, ҚР Көркемөнер академиясының қурметті академигі, Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы..

Өмірбаяны

  • Ұлты - Қазақ.
  • Ленинград құрылыс-инженерлік институтын (1965); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген, сәулетші.
  • 1959 жылдан - әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарған.
  • 1965 жылдан - «Қазқалақұрылысжобалау»» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі.
  • 1968 жылдан - «Алмаатагипрогор» институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжобалау» институтының жобалар бойынша бас сәулетшісі.
  • 1982 жылдан - Қазақстанның Көркемдік қорының бас суретшісі, қалалық ортаның дизайны шеберханасының жетекшісі.
  • 1987 жылдан - «Қазақстан Дизайнерлер одағы» РҚБ құру бастаушысы, негізін салушы, президенті. «ДАРТ» шығармашылық-өндірістік кәсіпорнының директоры.

Еңбектері

  • Алматы облысындағы «Черкасск қорғанысының батырларына» мемориалдық кешенінің; Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы. .
  • Шымкент және Жанатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Яассауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан.
  • «ҚР республикалық стилі» кешенді мемлекеттік дизайн-бағдарламасының бастаушысы; ұлттық валюта дизайнын жасау, бейнелемені жобалау, Республикалық гвардияның салтанатты және күнделікті киім түрлерін жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасау, т.б. топтарының жетекшісі.
  • Астана қаласындағы саяси жазалау шаралары құрбандарына арналған мемориалдың және «Атамекен» этно-мемориалдық саябағының, Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының жоңғарларды жеңуіне арналған монументтің тең авторы; Мәскеу қаласындағы Абайға ескерткіштің авторы және оны салған ужымның жетекшісі.
  • Талдықорған орталығын, Ақтау қаласындағы бірқатар объектілерді қайта құруды басқарған.
  • Алматы және Астана қалалары дизайн-бағдарламаларының жетекшісі.
  • Астана және Апматы қалалық ортасын дамыту жобаларының авторы.
  • Бірқатар кітаптар дизайнының авторы.

Атақтары мен марапаттары

Жеке өмірі

  • Діни көзқарасы - ұстамды сопы.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н. Мандела.
  • Хоббиі - гүл өсіру, бақ өсіру, кескіндеме, поэзия.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - Конфуций, Қоран, X. Мураками, П. Васильев, О. Хайям.
  • Үйленген. Жубайы - Сүлейменова Надежда Викторовна (1955 ж. т.), «ДАРТ» ЖШС менеджері.
  • Қызы - Сүлейменова Сәуле Тимурқызы (1970 г. p.); ұлы - Сүлейменов Тамерлан

Тимурұлы (1990 ж. т.).

  • 2 немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub