Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақсатында 1958 жылы құрылған. Құрамында 13 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Институтты әр жылдары Қазақстан ғылым академиясының академиктері И.Н.Әзірбаев, Е.А.Бөкетов, Ж.Әбішев және В.П.Малышев, Б.С.Фиалков, Б.П.Хасен басқарған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Институт жұмысының негізгі бағыттары:
- металлургия процестерінің термодинамикасы мен кинетикасы;
- бейорганикалық қосылыстардың физикалық химиясы мен термохимиясы;
- байытудың физика-химиялық негіздерін жасау;
- металлургияның қалдық өнімдерін қайта өңдеу мен одан жаңа материалдар алу жолдары, тағы басқа.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>